Samsung WW60J32G0PWOLD [124/0] Қауіпсіздік шаралары

Samsung WW60J32G0PSOLD [124/0] Қауіпсіздік шаралары
12 Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шаралары
Тазалауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Құрылғының бетіне суды тура бүркіп тазаламаңыз.
Құрамында күшті қышқылы бар жуғыш затты пайдаланбаңыз.
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе спирт тәрізді заттармен тазаламаңыз.
Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп, электр қатері орын алып немесе
өрт шығуы мүмкін.
Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындар алдында, құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
WEEE белгісіне қатысты нұсқаулықтар
Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Ескі электр және
электроника құрылғылары)
(Жеке қоқыс жинау жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған
бұл белгі, құрылғыны және оның электроникалық керек-жарақтарын
(мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс мерзімі
аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды
дегенді көрсетеді. Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға
және адамның денсаулығына келуі ықтимал зиянның алдын алу үшін,
бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын
түбегейлі түрде қайта қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге
тапсырыңыз.
Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда
орталығына немесе жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып, бұл
заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін
қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат алуы керек.
Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу
келісім-шартының шарттары мен талаптарын қарауға тиіс. Аталмыш
өнімнің және оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын
коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.
Samsung компаниясының экологиялық міндеттері және өнімнің арнайы нормативтік міндеттері
туралы ақпарат алу үшін, мысалы: REACH, WEEE немесе батареялар, біздің www.samsung.
com веб-сайтындағы қолжетімді тұрақты бетті қараңыз.
WW60J32G0PW_DC68-04083F-KK.indd 12 2020/8/10 9:35:06

Содержание

Скачать