Samsung WW60J32G0PWOLD [157/0] Ақаулықты түзету

Samsung WW60J32G0PWOLD [157/0] Ақаулықты түзету
Қазақша 45
Ақаулықты түзету
Ақаулық Әрекет
Суды төкпейді
және/немесе
айналдырмайды.
Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып
тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір кедергі болса, маманға
хабарласыңыз.
Қоқыс сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есікті жауып, Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кір жуғыш машина есік
жабылмайынша кептірмейді немесе айналдырмайды.
Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктің кептеліп қалмаған құбырға жалғанғанына көз
жеткізіңіз.
Егер кір жуғыш машинаға қосылып тұрған тоқ жеткіліксіз болса, кір
жуғыш машина уақытша су төкпейді немесе айналдырмайды.
Кір жуғыш машинаға тоқ жеткілікті беріле бастаған кезде ол қалыпты
жұмыс істейді.
Есік ашылмайды.
Кір жуғыш машинаны тоқтату үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз
немесе түртіңіз.
Есікті бұғаттан шығару біраз уақыт алуы мүмкін.
Есік машина тоқтағаннан кейін немесе тоқ сөндірілгеннен кейін 3
минут өткенше ашылмайды.
Барабан ішіндегі судың әбден төгілгеніне көз жеткізіңіз.
Барабан ішінде су бар болса есік ашылмауы мүмкін. Барабанның
ішіндегі суды төгіп, есікті қолмен ашыңыз.
Есік бекітпесінің индикаторының сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір
жуғыш машинаның суы төгілгеннен кейін есік бекітпеснің шамы
сөнеді.
Артық көбіктену.
Автоматты жуғыш зат және автоматты жұмсартқыш параметрлері
дұрыс теңшелгеніне көз жеткізіңіз.
Ұсынылған жуғыш заттарды қажетті мөлшерде пайдаланғаныңызды
тексеріңіз.
Қатты көпіршуге жол бермеу үшін тиімділігі өте жоғары (HE) жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Тұщы суда, аз кір салынғанда немесе шамалы кірлеген кірді жуу үшін
жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз.
Тиімсіз жуғыш құралды пайдалану ұсынылмаған.
Қосымша жуғыш құрал
салынбайды.
Жуғыш зат пен мата жұмсартқыштың қалған мөлшері көрсетілген
шектен жоғары емес екеніне көз жеткізіңіз.
Авто үлестіру функциясы қосылғанына, судың қаттылығы мен
концентрация параметрлері дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз (қол
жетімді үлгілерге ғана қатысты).
WW60J32G0PW_DC68-04083F-KK.indd 45 2020/8/10 9:35:16

Содержание

Скачать