Samsung WW60J32G0PWOLD [139/0] Қадам 4 алдын ала жуу қажет болса

Samsung WW60J32G0PWOLD [139/0] Қадам 4 алдын ала жуу қажет болса
Қазақша 27
Қолдану алдында
ҚАДАМ: 4 Алдын ала жуу (қажет
болса)
Кір қатты кірлеген болса, таңдалған
цикл үшін Предв. Стирка (Алдын ала
жуу) опциясын таңдаңыз. Жуғыш зат
барабанға қолдан салынған болса, Предв.
Стирка (Алдын ала жуу) функциясын
пайдаланбаңыз.
ҚАДАМ: 5 Жүктеу көлемін анықтаңыз
Кір жуғыш машинаны шамадан тыс
толтырмаңыз. Өте көп кір салынса, кір
жуғыш машина дұрыс жумауы мүмкін.
Киім түрлеріне арналған салмақ мөлшерін
34-беттен қараңыз.
ЕСКЕРІМ
Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарды
жуғанда, жуу уақыты ұзаруы немесе
айналдыру тиімділігі төмендеуі мүмкін. Төсек
жабдықтарын немесе ақжаймаларды жуу
үшін ұсынылатын ең үлкен айналдыру циклы
800 мин/айн және салмақ 2,0 кг немесе
бұдан аз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Кірдің теңгерімі жоқ болса "Ub" ақпарат коды
көрсетіледі, кірді таратып салыңыз. Егер
кірдің теңгерімі жоқ болса, айналдыруға әсер
етеді.
ҚАДАМ: 6 Дұрыс жуғыш зат түрін
пайдалану
Жуғыш заттың түрі матаның түріне
(мақта мата, синтетика, нәзік мата, жүн
мата), түсіне, жуу температурасына және
қаншалықты кірлегеніне байланысты.
Әрқашан да автоматты кір жуғыш машинаға
арналған, аз көбіктенетін кір жууға арналған
құралды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің
салмағын, қаншалықты кірлегенін және
аймағыңыздағы судың кермектігін ескере
отырып орындаңыз. Судың қаншалықты
кермек екенін білмесеңіз, жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Жентектеліп немесе қатып қалған жуғыш
затты қолданбаңыз. Бұндай жуғыш зат
шаю циклынан кейін қалып, су төгетін
түтікті бітеп тастауы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА) циклымен жүн
матаны жуғанда, бейтарап жуғыш затты
ғана пайдаланыңыз. ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА)
циклын пайдаланғанда, жуғыш ұнтақ киімге
жұғып, оның бояуы оңып кетуі мүмкін.
WW60J32G0PW_DC68-04083F-KK.indd 27 2020/8/10 9:35:11

Содержание

Скачать