Samsung WW60J32G0PWOLD [156/0] Ақаулықты түзету ақаулықты түзету

Samsung WW60J32G0PWOLD [156/0] Ақаулықты түзету ақаулықты түзету
44 Қазақша
Ақаулықты түзету
Ақаулықты түзетуАқаулықты түзету
Тексерілетін мәселелер
Кір жуу машинасында ақаулық орын алса, төмендегі кестені тексеріп, ұсыныстарды орындап
көріңіз.
Ақаулық Әрекет
Іске қосылмайды.
Кір жуғыш машина қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін Бастау/Кідірту түймесін
басқаныңызға не түрткеніңізге көз жеткізіңіз.
Замок от детей (Бала қауіпсіздігінің құралы) сөндірулі екеніне көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-сырт
еткен дыбыс естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі, содан кейін
жылдам төгеді.
Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта
қалпына қойыңыз.
Су берілмейді немесе
жеткіліксіз түрде
беріледі.
Су шүмегін толық ашыңыз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Цикл аяқталғаннан
кейін мөлшерлеуіште
кір жуғыш құралы
қалды.
Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш заттың мөлшерлеуіштің ортасына салынғанына көз
жеткізіңіз.
Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат
таңдағыштың үстіңгі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шаю қақпағын алып, мөлшерлеуішті тазартыңыз.
Шамадан тыс діріл
немесе шуыл.
Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін реттеу үшін
реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.
Тасымал бұрандамаларының алынғанына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаның басқа затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
Жұмыс комбинизондарын немесе темірмен безендірілген киімдерді
жуған кезде шуыл шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін
осы заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.
WW60J32G0PW_DC68-04083F-KK.indd 44 2020/8/10 9:35:16

Содержание

Скачать