Philips ac4080/10 Инструкция по эксплуатации онлайн [31/84] 161604

Philips ac4080/10 Инструкция по эксплуатации онлайн [31/84] 161604
Қазақ
31
ҚҚ
Су толтыру, тазалау немесе
басқа техникалық қызмет
көрсетуді орындау алдында
әрқашан құралды розеткадан
ажыратыңыз.
Бұл құралды қатты
температура өзгерістері бар
бөлмеде қолдануға болмайды,
себебі бұл жағдайда құрал
ішінде тығыздалу тууы мүмкін.
Кедергінің алдын алу үшін,
құрылғыны теледидар,
радиолар және радиосағаттар
сияқты ауа арқылы радио
толқындарын пайдаланатын
электр құрылғыларынан кем
дегенде 2м ара қашықтықта
қойыңыз.
Құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаса, сүзгілерде
бактериялар пайда
болуы мүмкін. Ұзақ уақыт
пайдаланбағаннан кейін
сүзгілерді тексеріңіз. Егер
өте лас болса, сүзгілерді
ауыстырыңыз («Сүзгілерді
ауыстыру» тарауын қараңыз).
Құрал тек үй ішінде, қалыпты
жұмыс жағдайларында
пайдалануға арналған.
Құралды ванна, дәретхана
немесе ас үй сияқты дымқыл
немесе температурасы
жоғары бөлмеде қолдануға
болмайды.
Құрал көміртек тотығын
(CO) немесе радонды
(Rn) кетірмейді. Оны жану
процестерімен және қауіпті
химикаттармен байланысты
апатты жағдайларда
қауіпсіздік құрылғысы ретінде
пайдалануға болмайды.
Таза ұстау үшін су ыдысын
күн сайын тазалаңыз.
Су ыдысына тек салқын
ағын суын құйыңыз. Жерден
алынған суды немесе ыстық
суды пайдаланбаңыз.
Су ыдысына судан басқа
ешбір затты құймаңыз. Су
ыдысына әтір құймаңыз.
Ылғалдандыру функциясын
ұзақ уақыт бойы
пайдаланбасаңыз, су
ыдысын және ылғалдандыру
сүзгісінің науасын тазалаңыз.
Ылғалдандыру сүзгісін
кептіріңіз.
Жылжыту керек болса,
алдымен құралды қуат
көзінен ажыратыңыз. Су
ыдысын босатыңыз. Құралды
бүйірлеріндегі екі тұтқадан
көлденеңінен ұстап жүріңіз.

Содержание