Samsung ww 60h2230ew [108/160] Кір жуу

Samsung ww 60h2230ew [108/160] Кір жуу
Казақ
-
28
Кірдің салынатын мөлшерін анықтау
Кір жуғыш машинаға өте көп кір салмаңыз, кір дұрыс жуылмай қалуы мүмкін. Қай кірді қанша
мөлшерде салуға болатындығын төмендегі кестеге қарап анықтаңыз.
Матаның түрі Кірдің салынатын мөлшері
ХЛОПОК (МАҚТА МАТА) 6,0 кг
СИНТЕТИКА (СИНТЕТИКА) 3,0 кг
ДЕЛИКАТНЫЕ ТКАНИ (НƏЗІК МАТА) 1,5 кг
ВЕРХНЯЯ ОДЕЖДА (СЫРТҚЫ КИІМ) 2,0 кг
Кірдің теңгерімі дұрыс болмаса (бейнебеттеUEжанады) қайта таратып салыңыз.
Егер кірдің теңгерімі дұрыс болмаса, айналдыру тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Кір жуған кезде, жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі
төмендеуі мүмкін.
Төс тартқышты (сумен жуылатын) кір жууға арналған торға (жеке сатылады) салыңыз.
Төс тартқыштың темір бөліктері матаны тесіп, оны бүлдіруі мүмкін.
Сондықтан да, оларды киім жууға арналған торға салуды ұмытпаңыз.
Нəски, қолғап, беторамал тəрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің
арасына қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға арналған
торға салыңыз.
Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз.
Себебі кір жуғыш машина қалыптан тыс дірілдеп, орнынан жылжып,
оқыс жағдай орын алуы немесе адам жарақаттануы мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ЖƏНЕ ҚОСЫМША ЗАТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Кір жууға арналған құралдарды пайдалану
Қолдануға болатын жуғыш затты матаның түріне (мақта мата, синтетика заттар, баппен жуылатын
жүн мата), түсіне, жуу температурасына, кірдің деңгейіне қарап пайдалану керек.
Əрқашан автомат кір жуғыштарға арналғаназ көпіршитінжуғыш заттарды қолданыңыз.
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің салмағын, кірдің деңгейін, аймағыңыздағы судың
кермектігін ескере отырып орындаңыз. Егер қолданылатын судың қаншалықты кермек екенін
білмесеңіз, жергілікті су мекемесіне хабарласыңыз.
Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз, себебі шаю циклі кезінде қалып қоюы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның шаю цикліне кедергі келтіруі немесе түтіктерді бітеуі мүмкін.
Жүн мата режимін пайдаланғанда келесіні ескеріңіз.
Жүн матаға арналған сұйық жуғыш затты ғана пайдаланыңыз.
Ұнтақ жуғыш затты пайдаланған кезде, кірден
кетпей қалып, материалға (жүн) зақым
келтіруі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ!
кір жуу
WW2000HR-03453A-01_KK(CIS)_140730.indd Sec5:28WW2000HR-03453A-01_KK(CIS)_140730.indd Sec5:28 2014-07-30  12:03:272014-07-30  12:03:27

Содержание

Похожие устройства