Samsung ww 60h2230ew [89/160] Іске қолдануға қатысты ескерту белгілері

Samsung ww 60h2230ew [89/160] Іске қолдануға қатысты ескерту белгілері
Казақ
-
9
01 ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Құрылғыны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан
суырыңыз да, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
- Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы, бүлінуі не тоттануы мүмкін.
Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны қолданған
кезде абай болыңыз.
- Шыны сынып қалса
, адамды жарақаттауы мүмкін.
Су құйылмай қалғаннан кейін не су құятын түтікті қайта жалғаған кезде, судың шүмегін баяу
ашыңыз.
Судың шүмегін ұзақ уақыт қолданбай барып қолданғанда байқап ашыңыз.
- Су құятын түтіктегі немесе су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегіне зақым
келтіруі немесе су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған кезде
су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.
- Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр тоғы таралып, электр
қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, барабанға əбден салу керек.
- Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш
машинаға нұқсан келуі немесе
су ағуы мүмкін.
Машинаны қолданбаған кезде, су шүмегінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандасының тиісінше қатайтылғанын тексеріңіз.
- Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін.
Резеңке тығыздағышты басқа зат (қалдық, жіп т.с.с.) ластап тастамағанын тексеріңіз.
- Егер есік дұрыс
жабылмаса, су ағып кетуі мүмкін.
Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтіктің жалғастырғышының əбден қатайтылғанын
жəне құрылғыны қолданар алдында еш су ақпай тұрғанын тексеріңіз.
- Егер бұрандалар немесе су құятын түтіктің жалғастырғышы босап тұрса, су ағып кетуі
мүмкін.
Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Егер коммерциялық мақсатта қолданылса, өнім көрсетілген
мақсатта қолданылмаған болып
есептеледі.
Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша
қарастырылмайды жəне дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға
Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
WW2000HR-03453A-01_KK(CIS)_140730.indd Sec2:9WW2000HR-03453A-01_KK(CIS)_140730.indd Sec2:9 2014-07-30  12:03:232014-07-30  12:03:23

Содержание

Похожие устройства