Scarlett IS-HB44K03 [38/44] Арналған дөңгелек

Scarlett IS-HB44K03 [38/44] Арналған дөңгелек
36
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша
ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы
бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз
да, әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын
сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға
батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендерді қозғалтқыш бөлікке кіргізіңіз де, сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін,
іске қосу алдында блендерді араластырылатын
тамақ өнімдеріне батырыңыз.
Ағытып алу үшін блендерді сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ
түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті
ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз
сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек.
Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен
сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат
жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық
өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте
өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Шараның білігін шараның ортаңғы осіне орнатыңыз.
Білікке ұсақтауға арналған пышақты орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
Шараның тұтқадасындағы дөңес шараның
жетегіндегі ойыққа кіретіндей етіп, жетекті бұрыңыз,
сонда шараның жетегі орнына бекиді.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне кіргізіңіз де,
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш
бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте
қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз, ол үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз. Бұл үшін
шараның жетегін бекітетін түймешікті басыңыз да,
жетекті сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып
алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін
ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып
алыңыз.
ТІЛІМДЕП ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕЛЕП ТУРАУҒА
АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК
Дөңгелек көкөністі, мысалы, қиярды, сәбізді,
картопты, порей пиязды және домалақ пиязды,
сондай-ақ ірімшіктің кейбір сұрыптарын тілімдеп
кесуге және жіңішкелеп турауға арналған.
Шараның білігін шараның осіне орнатыңыз.
Дөңгелекке тілімдеп және жіңішкелеп турауға
арналған қондырманы орнатыңыз
Шараның білігіне тілімдеп және жіңішкелеп турауға
арналған дөңгелекті орнатыңыз.
Шараға жетекті кигізіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергішпен беріп, оның
үстінен ақырындап басып отырыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения