Hotpoint-Ariston ftcd 97b 6h [32/36] Бастау және бағдарламалар

Hotpoint-Ariston ftcd 97b 6h [32/36] Бастау және бағдарламалар
32
KZ
Бастау және бағдарламалар
Бағдарламалар кестесі - ҚОСЫМША БАҒДАРЛАМАЛАР
! Дисплей жанбаса; Қосу/өшіру түймесін басып, бағдарламаны таңдаңыз.
Нәзік киімдер
Бұл бағдарлама нәзік бұйымдарды, мысалы акрилаттан жасалған, кептіруге арналған.
Оны ең көбі 2,0 кг жүкпен пайдалануға болады.
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлемі мен тығыздығына және кір жуғышта қолданылатын сығу жылдамдығына байланысты
болады.
Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір киімдер сәл дымқыл болуы мүмкін.
Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ашып немесе ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
Сәби бағдарламасы
Бұл бағдарлама сәбидің кішкентай нәзік киімдерін, төсек орын бұйымдарын (мақта және шашақ жіп) және өзіңіздің нәзік
киімдеріңізді кептіруге арналған.
Пластикалық қабаты бар сәби көкірекшелері мен түкті дамбалдарын кептіруге болмайды.
Оны ең көбі 2 кг жүкпен пайдалануға болады.
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлемі мен тығыздығына және кір жуғышта қолданылатын сығу жылдамдығына байланысты
болады.
Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте қолдануға дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері сәл дымқыл болуы
мүмкін. Бұл орын алса, олардың ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
Бағдарлама
Қолдануға болатын опциялар Құрғақтық деңгейлері
Кешіктіру таймері
Қыртыстарды жазу
Қосымша күтім
Дыбыс
Жылдам кептіру
Қызу деңгейі
Уақыты белгіленген
кептіру
Сенсор құрғақ
Дымқыл құрғақ
Үтіктеуге қолайлы құрғақ
Іліп қойылатындай
құрғақ+
Іліп қойылатындай
құрғақ
Төмен құрғақтық
Шкафқа қойылатындай
құрғақ
Аса құрғақ
7
Жұмсақ ойыншықтар
X X X X X Автоматты бағдарлама
Қызу және қолдану X X X X X X X Автоматты бағдарлама
8
Оңай үтіктеу X X X
X X X Автоматты бағдарлама X
Жаңарту X X X
X X X Автоматты бағдарлама X
9 Менің циклым Таңдалған бағдарламаға байланысты Алдыңғы мәліметтерді көріңіз
j
Жұмсақ ойыншық бағдарламасы
Жұмсақ ойыншық бағдарламасының көмегімен бұрынғыдан жиі жұмсақ ойыншықтардың шаңын кетіруге және оларды жууға болады,
себебі әдеттегідей кептіргенмен салыстырғанда кептіру уақыты айтарлықтай азаяды. Ол – жүннің бастапқы қалпы мен жарқылын
сақтау үшін төмен температурада аз механикалық әсер қолданатын нәзік кептіру циклы.
Ескертпе: Аллергиядан қорғау үшін жұмсақ ойыншықтарды 24 сағатқа мұздатып, одан кейін жуып кептірсеңіз болғаны. 6 аптада бір
рет қайталаңыз. Кептірмес бұрын киімдер, жағалар не дыбыс қораптары сияқты керек-жарақтарды алып тастаңыз және пластикалық
көздерді сүртіп алып, изолентамен қорғаңыз.
Бағдарлама ұзақтығы кірлердің құрамына байланысты әр түрлі болады. Максималды кірлер салмағы 2,5 кг-нан және бөлек бір зат
600 г-нан аспауы тиіс.
Қызу және қолдану
Бұл бағдарлама орамалар мен халаттарды жылытып, ванна не душтан кейін жылы сезінуге көмектеседі. Сондай-ақ, қыс кезінде
киімдерді жылыту үшін қолдануға болады. Цикл киімдерді 37 °С-қа дейін жылытады (дене температурасы); дисплейде ЖЫЛЫТУ
жазуы көрсетіледі және бұл температурада ең көбі 4 сағат немесе дисплейде ДАЙЫН жазуы көрсетілген кезде есікті ашу арқылы
тоқтатқанша жұмыс істейді. Максималды салмақ – 3 кг.
Ескертпе: Бұл бағдарлама барысында Бастау/тоқтата тұру түймесі ажыратылады.
Жаңарту
! Үрлеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.
Оны кез келген жүкпен пайдалануға болады, бірақ одан азырақ жүкті қолдану тиімдірек болады.
Кептіргішті шамадан тыс толтырмаңыз («Кірлер» тарауын қараңыз).
Желдететін 20 минуттық бағдарлама: киімдер салқын ауамен желдетіледі. Сондай-ақ, жылы киімдерді салқындату үшін қолданылады

Содержание

Похожие устройства