AEG 47745IQ-MN [28/76] Тұмшапеш күтіп ұстау жəне тазалау

AEG 47745IQ-MN [28/76] Тұмшапеш күтіп ұстау жəне тазалау
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін əдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
Тұмшапештің ішін əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бəрін əр пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Сөренің сырғытпа жолдары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа жолдарды алып қоюға болады.
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын алу үшін
сырғытпа жолдарды бүйір қабырғаның
артқы жағынан тартыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды кері реттілікпен салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс!
2
1
28
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау

Содержание