AEG 47745IQ-MN [7/76] Күту менен тазалау

AEG 47745IQ-MN [7/76] Күту менен тазалау
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне қоймаңыз.
Егер сізде қондырылған кардиостимулятор болса, индукциялық
пісіру алаңдары
жұмыс істеп тұрғанда, кеудеңізді олардан кем дегенде 30 см алыс ұстауыңыз керек.
Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны қолданбаңыз.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен жəне дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қыздырғыш
элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір затты
бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл
қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дəл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7

Содержание