Vitek VT-2451 BK [38/68] Қазақша

Vitek VT-2451 BK [38/68] Қазақша
38
ҚазаҚша
таңбалар көрсетіледі E 01 және желдеткіш
іске қосылады. Жұмыс камерсындағы
температура төмендегенде, әзірлеу
процесәі жалғастырылады және белгіленген
бағдарламаны орындау соңына дейін
ұзартылады.
2. Егер әзірлеу бағдарламасы жұмысы
кезінде температура белгіленген мәнге
жетпесе, онда дыбыстық сигналдар
шығады және дисплейде (8) таңбалар
E02 көрсетіледі, «Стоп/Болдырмау»
батырмасын (13) әзірлеу процесін тоқтату
үшін басыңыз.
3. Дисплейде (8) таңбалардың E03 көрсетілуі
температура бергішінің ақаулығын
көрсетеді, пешті сөндіріңіз және кез-
келген туындыгерлес (өкілетті) қызмет
көрсету орталығына кепілдеме талонында
және www.vitek.ru сайтында көрсетілген
хабарласу мекен-жайлары бойынша
хабарласыңыз .
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Құралды үнемі тазалап отырыңыз. Пешті
жиі тазаламау салдарынан оның беті тез
тозып қалуы мүмкін, ал бұл аспаптың
дұрыс жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді
және пайдаланушы үшін де қауіп төндіруі
мүмкін.
Тазалау алдында пешті сөндіріңіз және
желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырыңыз.
Басқару панеліне ылғалдың түсуін
болдырмау керек, оны сәл ғана ылғал
жұмсақ матамен сүрту керек, осыдан кейін
құрғатып сүртіп алу керек.
Пештің жұмысшы камерасын тазалықта
ұстау керек. Егер де пештің қабырғаларында
тамақ қалдықтары немесе ағындылар
қалған жағдайда оларды жұмсақ матамен
сүртіп алу керек.
Аса қатты ластанған жұмысшы камераға
жұмсақ жуу құралын пайдалануға болады.
Пештің ішкі және сыртқы беттерін тазалау
үшін сымнан жасалған щеткалар мен
абразивті жуу құралдарын пайдаланбау
керек. Ауа мен буға арналған қақпақтағы
және корпустағы тесіктерге су немесе жуу
құралдарының түсіп кетпеуін бақылап
отырыңыз.
Аммиактың негізіндегі жуу құралын
пайдалануға тиым салынады.
Сыртқы бетін таза сәл дымқыл матамен
сүрту керек.
Пештің есігі әрдайым таза болуы керек.
Алдыңғы панель мен есік арасында тамақ
қалдықтары мен қиқымдарының жиналуын
болдырмау керек, бұл есіктің дұрыс
жабылуына кедергі болады.
Салқындату үшін ауа келіп тұратын пештің
корпусындағы желдеткіш саңылауын жиі
шаң тозаңнан тазартып отыру керек.
Жиі шыны тұғырықты және оның таянышын
шешіп алып тазалау керек; жұмысшы
камераның түбін сүрту керек.
Шыны тұғырықты, және оның таянышты
бейтарап жуу құралымен жылы сумен жуу
керек. Осы бөлшектерін тазарту үшін ыдыс
жуатын машинаны қолдануға болады.
Қызып тұрған шыны тұғырықты суық суға
батырмау керек: температураның жедел
төмендеуі салдарынан шыны тұғырық
жарылып кетуі мүмкін.
АҚАУЛАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Микротолқынды пеш теле-
және радиосигналдарды
қабылдауға бөгет жасайды
Қысқа толқынды пеш жұмыс істеу барысында теле- және
радио дабылдарын қабылдау кезінде кедергілер туындауы
мүмкін. Осындай кедергілер миксер, шаңсорғыш және
электр фен сияқты шағын электр аспаптары жұмыс істеген
кезде де туындайды. Бұл қалыпты құбылыс.
Көмескі жарықтың
айқындығы төмен
Егер де қысқа толқынды сәуленің қуаты төменгі деңгейге
орнатылса, онда жұмысшы камерасындағы көмескі
жарықтың айқындық деңгейі де төмен болады. Бұл қалыпты
құбылыс.
IM VT-2451.indd 38 30.11.2016 14:29:50

Содержание