Vitek VT-1525 BK [29/44] Қазақша

Vitek VT-1525 СЕРЕБРИСТЫЙ, ЧЕРНЫЙ [29/44] Қазақша
29
ҚазаҚша
Кофе қайнатқышты ғимарат ішінен тыс
жерлерде пайдаланбаңыз.
Кофе қайнатқышты температурасы 0°C-тан
төмен жерде сақтамаңыз.
Балаларға жұмыс істеп тұрған құрылғы
және оның желілік сымына қол тигізуіне жол
бермеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны бақылаусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс істеп тұрған маңайына
балалар немесе мүмкіндігі шектеулі жандар
жақындаса, ерекше сақ болыңыз.
Бұл құрылғы балалар пайдалануына
арналмаған. Жұмыс кезінде және сууы кезінде
құрылғыны балалардың қол жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Бұл құрылғы физикалық, психикалық немесе
ақыл-есі төмен адамдар не болмаса, тиісті
тәжірибесі немесе білімі жоқ болған жағдайда,
егер олар бақылауда болмаса немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны
қалай пайдалану туралы нұсқау бермеген
жағдайда (балаларға да қатысты) қолдануына
болмайды.
Балалар құрылғыны ойыншық ретінде
пайдаланбауы үшін оларды қадағалаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді бақылаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыздар! Балалардың полиэтилен
қаптама немесе мөлдір орамалармен ойнауына
жол бермеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Желілік сым мен желілік сым айырының,
құрылғы корпусының күйін үнемі тексеріп
тұрыңыз.
Желілік сымы немесе желілік сым айыры
бүлінген болса, шәйнекті қолданбаңыз.
Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрса,
сондай-ақ құрылғы құлаған жағдайда, оны
қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетінше жөндеуге тыйым
салынады. Құрылғыны өз бетіңізше
бөлшектемеңіз, қандай да бір қиындық
туындаған жағдайда, сонымен қатар құрылғы
құлаған жағдайда құрылғыны электрлік
розеткадан ажыратыңыз немесе кепілдік
талонындағы байланыс мекен-жайлары
және www.vitek.ru сайтында көрсетілген кез
келген авторизацияланған (өкілетті) қызмет
көрсету орталықтарының мекен-жайларына
жүгініңіз.
Құрылғыны зауыттан шығарылған қорабына
салып алып жүріңіз.
Құрылғыны тек балалардың және мүмкіндігі
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНУҒА
АРНАЛҒАН
Басқару панелі және бу шығаруды реттеуіш
Қуатқа қосу/сөндіру тетігі (9) құрылғыны қосу/
сөндіруге арналған. Тетік төменге қойылған
күйде бекімейді. Кофе қайнатқышты қосу
немесе сөндіру үшін тетікті басу немесе жіберу
жеткілікті.
Қуатты сөндіру индикаторы (8) құрылғының
қазіргі жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылғы қосылып тұрған кезде индикатор
қызыл түсті болып жанады. Құрылғы сқніп
тұрса, индикатор жанбайды.
Су шығару тетігінің (12) екі бекитін күйі бар.
Тетікті басқан кезде кофе дайындауға арналған
су іске қосылады. Тетік басылып тұрмаған кезде
су шығару өшіріліп тұрғанын білдіреді.
Бу шығару тетігі де (13) екі бекитін күйге ие.
Тетікті басқан кезде бойлерді суды қосымша
қыздыру жүзеге асырылады, ол сүтті көбік
дайындауда және сусындарды жылыту үшін
қажет. Тетік басылып тұрмаған кезде қосымша
қыздыру сөндіріліп тұр.
Дайындық индикаторы (14) кофе дайындау
кезінде кофе қайнатқыш бойлеріндегі қыздыру
температурасын бақылау үшін және сүт
көбігін дайындау кезінде қосымша қыздыуды
бақылау үшін қажет. Қыздыруда белгіленген
температураға жеткеннен кейін дайындық
индикаторы (14) жасыл түсті болып жанады.
Термометр (10) сусынды дайындау кезінде су/
будың температурасын көрсетеді.
Бу шығаруды реттеуіш (15) буды шығарып,
оның қарқынды жүргізілуін реттеуге мүмкіндік
береді. Будың шығарылуын қосу және реттеу
үшін бу шығару реттеуішінің тұтқасын (15)
сағат тіліне қарсы, «+» белгісіне қарай
баяу бұраңыз. Бу шығаруды сөндіру үшін
реттеуіштің тұтқасын сағат тілі бойынша
тірелгенше «-» белгісіне қарай бұраңыз.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны алып жүрген жағдайда немесе
температурасы төмен жерде сақтаған
жағдайда оны бөлме температурасы
жағдайында үш сағаттан кем емес уақыт
қойып қою керек.
IM VT-1525.indd 29 25.04.2016 15:18:02