Vitek VT-8101 BK [14/20] Қазақша

Vitek VT-8101 BK [14/20] Қазақша
14
ҚазаҚша
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғы төмен температурада
тасымалданған немесе сақталған болса
оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
Құрылғыны қораптан толығымен шығарып
алыңыз, құрылғының жұмысына кедергі
келтіретін барлық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны іске қосу алдында электрлік
желі кернеуінің құрылғының жұмыс
кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Қылшақты (1) орнату және шешу
Қылшақты (1) орнату орнына (13) салыңыз.
Қылшақты (1) шешу үшін қылшақты (1)
төмен бағытта тартыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) орнату
және шешу
Контйенер-шаңжинауышты (3) орнату
немесе шешу алдында, шаңсорғыш
сабының толескопты ұзартқышының (10)
толық шығарылғанына көз жеткізіңіз. Бұл
үшін сап бекіткішінің пернесіне (7) басыңыз
және телескопты ұзартқышты (10)
тірлегенге дейін жоғары қарай шығарыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) сағат
тіліне қарсы бағытта бұрыңыз және оны
моторлқы блоктан (12) ажыратыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) орнына
орнату үшін контейнердегі (3) ойықтарды
момоторлық блоктағы (12) шығыңқылармен
сәйкестендіріңіз және контейнерді (3) сағат
тілі бойынша тірелгенге дейін бұраңыз.
Телескопты ұзартқыштың бекіткішіне
(11) басыңыз, қолсапты (8) төмен қарай
бекіткіш (7) іске қосылғанға дейін түсіріңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты
орнатылған (контейнер-шаңжинауышпен
(3) және HEPA-сүзгіші бар орнатылған
сепаратормен (4) ғана іске қосуға болады.
Шаңсорғышты іске қосу алдында сепаратор
мен HEPA-сүзгіштің (4) дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
Жұмысты бастау алдында желілік бауды
толық ұзындығына тарқатыңыз және
желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
Ескерту: Қажет болғанда, желілік баудың
артық бөліктерін сақтау орнына (9)
орналастырып, желілік баудың ұзындығын
реттеуге болады.
Сіз құрылғыны ықшам шаңсорғыш ретінде
пайдалана аласыз, ал панажайларды
жинастыру кезінде бекіткіш пернесіне
(7) басып, қолсапты (8) тірелгенге дейін
шығарыңыз.
Шаңсорғышты іске қосу үшін (6) іске қосу/
сөндіру «0/I» батырмасын басыңыз.
Бөлмеде жинастыруды аяқтағаннан кейін
іске қосу/сөндіру «0/I» батырмасын (6)
басыңыз және желілік айыртетікті
ашалықтан суырыңыз.
Желілік бауды орау үшін желілік баауды
сақтайтын орынды (9) пайдаланыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Әр пайдаланған сайын тазалауды жүргізу
ұсынылады. Шаңсорғышты тазалауды жүргізу
алдында «0/І» батырмасына (6) басып, оны
сөндіріңіз және желілік баудың айыртетігін
электрлік ашалықтан шығарыңыз.
Сепаратор мен НЕРА-сүзгішті (4),
контейнер-шаңжинауышты (3) тазалау
Қолсаптан (8) ұстап, батырманы (7)
басыңыз және қолсапты (8) тірелгенге
дейін жоғары қарай шығарыңыз.
Қылшақты (1) төмен бағытта тартып, оны
шешіңіз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) сағат
тіліне қарсы бағытта бұрыңыз және оны
моторлқы блоктан (12) ажыратыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) қоқыс
шелігінің үстінен орналастырыңыз.
Қақпақ бекіткішіне (2) басып, контейнер-
шаңжинауыш (3) құтысының қақпағын
ашыңыз. Контейнер-шаңжинауышта (3)
жиналып қалған шаң-тозаңды және
қоқысты алып тастаңыз.
Ескерту: Жұмыс істеу уақытында Сіз
контейнер-шаңжинауышты (3) шепей,
шаң мен қоқысты жоя аласыз, бірақ бұл
үшін алдын-ала қылшақты (1) шешіп алу
IM VT-8101.indd 14 01.09.2016 8:57:31
Скачать