Vitek VT-8101 BK [15/20] Қазақша

Vitek VT-8101 BK [15/20] Қазақша
15
ҚазаҚша
және содан кейін бекіткішке (2) басып,
контейнерден (3) қоқысты жою үшін
қақпақты ашу керек.
НЕРА-сүзгіштен ұстаңыз, оны жоғары
бағытта тартыңыз және НЕРА-сүзгішті
сепаратормен (4) бірге контейнер–
шаңжинауыштан (3) шығарыңыз.
Сепаратордан шаң мен қоқысты жойыңыз,
бұл үшін сәйкес қылшақты пайдалануға
болады.
Сепараторды бір қолыңызда ұстаңыз, ал
басқа қолыңызбен НЕРА-сүзгішті сағат
тіліне қарсы бұраңыз және НЕРА-сүзгішті
сепаратордан (4) шығарыңыз.
НЕРА-сүзгіштен шаң мен қоқысты
жойыңыз, бұл үшін сәйкес қылшақты
пайдалануға болады.
Сепараторды (4), НЕРА-сүзгішті және
контейнер-шаңжинауышты (3) жылы су
ағынымен жуыңыз және оларды жақсылап
құрғатыңыз.
НЕРА-сүзгішті сағат тілі бойынша
бекітілгенге дейін бұрап, оны
сепараторға (4) орнатыңыз.
Сепараторды (4) оған орнатылған
НЕРА-сүзгішпен бірге контейнер-
шаңжинауышқа (3) орнатыңыз.
Бұл үшін сепаратордағы (4) ойық
пен контейнердегі (3) шығыңқыны
сәйкестендіріңіз және сепараторды (4)
контейнерге (3) тірелгенге дейін салыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (3) орнына
орнату үшін контейнердегі (3) ойықтарды
моторлық блоктағы (12) шығыңқылармен
сәйкестендіріңіз және контейнердегі (3)
сағат тілі бойынша тірелгенге дейін
бұраңыз.
Бекіткішке (11) басыңыз және қолсапты (8)
төмен қарай бекіткіш (7) іске қосылғанға
дейін түсіріңіз.
Қылшақты (1) тазалау
Ластануына байланысты қылшақты (1) да
тазалау ұсынылады.
Қылшақты (1) қылшақты орнату орнынан
(13) шығарыңыз, қылшақты (1) тазалаңыз
және оны орнына орнатыңыз.
Моторлық блок (12)
Шаңсорғыш моторлық блогын (12) сәл
дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз, содан
кейін құрғатып сүртіңіз.
Моторлық блокты (12), желілік бауды,
желілік бау айыртетігін суға немесе басқа да
сұйықтықтарға матыруға тыйым салынады.
Шаңсорғыш моторлық блогын (12) ішіне
судың тиюіне жол бермеңіз.
Шаңсорғыш бетін тазалау үшін еріткіштерді
және қажайтын тазалағыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға
қойғанға дейін, контейнер-шаңжинауыш (3)
құтысын, сепараторды және НЕРА-сүзгішті
(4), моторлық блокты (12), қылшақты (1)
тазалауды жүргізңіз.
Шаңсорғышты құрғақ салқын, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
1. Орнатылған контейнер-шаңжинауышы
бар шаңсорғыш – 1 дн.
2. Қылшақ – 1 дн.
3. Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50 Гц
Максималды қуаты: 1000 Вт
Сорғызу қуаты: 200 Вт
Өндіруші құрылғының сипаттамаларын
алдын-ала хабарлаусыз өзгерту құқығын
сақтайды.
Аспаптың қызмет мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-8101.indd 15 01.09.2016 8:57:31
Скачать