Redmond RM-2502D [25/36] Осындай жағдайларда пайдаланыла алады құрылғыны өнеркәсіптік

Redmond RM-2502D [25/36] Осындай жағдайларда пайдаланыла алады құрылғыны өнеркәсіптік
RM-2502D
25
RUS
UKR
KAZ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақ үй
нөмірлерінде, тұрмыстық нөмірлерде, дүкендердің тұрмыстық бөлме-
лерде, офистер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез келген басқа
осындай жағдайларда пайдаланыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік
немесе кез келген мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пайда-
лану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал
салдарлар үшін жауап бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Микротолқынды пешті нысаналы мақ-
саты бойынша пайдаланбау денсаулыққа зиянды.
Бұл модель жеке тұратын қондырғы ретінде пайдалануға
арналған. Шкафта пайдалануға тыйым салынады!
Микротолқынды пеш тағам өнімдері мен сусындарды жылытуға ар-
налған. Аспапты қандай да бір химиялық немесе желінбейтін өнімдер
мен сұйықтықтарды жылытуға, сонымен қатар қағазды, киімді және
сондай материалдарды кептіру үшін пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техника-
лық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: па-
раметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, бұл электр
қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы-
малдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымда-
луы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел
ауыстыруды талап етеді.
Пайдалану кезінде микротолқынды пештің вентиляциялық саңылау-
ларын жаппаңыздар. Жеткіліксіз желдетілу ішкі камераның бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін, бұл зиянды сәулеленуді туғызуы мүмкін. Пеш-
ті осы басшылыққа сәйкес қана орнатыңыз және пайдаланыңыз.
Есіктің жабылуына бірдеңе кедергі келтіріп тұрса, микротолқынды пеш-
ті пайдаланбаңыз. Тағам қалдықтарынан әлсін-әлсін ішкі камераны және
бекіткіш элементтерді тазалап отырыңыз. Аспапты тазалау үшін жұмсақ
маталарды және абразивті емес жуғыш құрылдарды пайдаланыңыз.
Ашық есігімен микротолқынды пешті қосуға және есіктің
жабылуына кедергі келтіре отырып, блоктау фиксаторлары-
на кез –келген заттарды қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ЕСКЕРТУ! Егер есік немесе есіктің бекіткіші зақымданған
болса, ол білікті мамандармен жөнделмейінше пешті қосуға
болмайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения