Philips HR1947/30 СЕРЕБРИСТАЯ [21/54] Қазақша

Philips HR1947/30 СЕРЕБРИСТАЯ [21/54] Қазақша
23
ҚАЗАҚША
Азық салатын түтікке немесе шырын сығатын бөлікке ешқашан саусағыңызды немесе басқа
заттарды салмаңыз.
5 Шырын ағып болған кезде, құрылғыны өшіріп, шырын сығатын бұранда айналуын
тоқтатқанға дейін күтіңіз.
6 Шырын сығатын бөліктен соңғы тамшыларды ағызу үшін алдын-ала тазалау түймесін
басыңыз (Cурет 15).
7 Үстелдің үстіне шырын тамып кетпеу үшін, тамуды тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 16).
Кеңестер
- Шырыны көбірек болатындықтан, жас жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданған дұрыс.
Әсіресе, ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз, саумалдық, қауын,
қызанақ, анар және жүзім шырынын алған қолайлы.
- Жұқа қабықтарды аршудың қажеті жоқ. Тек жеуге жарамсыз қалың қабықтарды, мысалы,
апельсин, ананас, киви, қауын және пісірілмеген қызылша қабықтарын аршыңыз.
- Сүйегі бар жемістерден, мысалы шабдалы, өрік не шиеден шырын алғыңыз келсе, алдымен
сүйектерін алып тастаңыз.
- Алма шырынын дайындағанда, алма шырынының қоюлығы қолданып жатқан алманың түріне
байланысты болатыны есте сақтаңыз. Алма шырынды болса, шырын қоюырақ болады.
Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.
- Алма шырыны тез арада қоңырланып кетеді. Тез қоңырланбауы үшін, лимон шырынының
бірнеше тамшысын қосыңыз.
- Бұл шырын сыққыш банан не манго секілді крахмалды жемістерді сыға алады.
Сүт немесе суды тікелей азық салатын түтікке құя аласыз.
- Цитрус жемістерін де шырын сыққышпен сыға аласыз. Цитрус жемістерінің ақ жұмсағын
алып тастаңыз, себебі оның ащы дәмі болады.
Тазалау (Cурет 17)
- Бұл құрылғының пайдаланғаннан кейін бірден жусаңыз, оңайырақ болады.
Барлық бөлшектері қалай тазаланатынын көру үшін, тазалау кестесін қараңыз.
Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, спирт,
жанармай немесе ацетон тәріздес сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Ескертпе. Барлық ажыратылатын бөліктерді ыдыс жуғыш машинада және ағын су астында
қауіпсіз жууға болады.
1 Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Қыстырғышты ашыңыз (Cурет 18).
3 Шырын сығатын бөлікті мотор бөлігінен алыңыз (Cурет 19).
4 Балдыр контейнерін мотор бөлігінен алыңыз (Cурет 20).
5 Балдыр контейнерін босатып, оны ағын су астында шайыңыз.
Шырын сығатын бөлікті бөлшектеу және тазалау
1 Итергішті азық салатын түтіктен алыңыз (Cурет 21).
2 Жеміс табағын азық салатын түтіктен алыңыз (Cурет 22).
3 Шырын жинағышты сағат тіліне қарсы, көрсеткі ( Á) «ашық» сөзіне көрсеткенше бұрып,
оны шырын сығатын бөліктен алыңыз. (Cурет 23)
4 Екі бөлікті сүзгішті алып, оны бөлшектеңіз (Cурет 24).
5 Балдыр шығаратын шүмекті сағат тіліне қарсы, көрсеткі ( Á) «ашық» сөзін көрсеткенше
бұрып, оны шырын сығатын бөліктен алыңыз. (Cурет 25)
6 Шырын сығатын бұранданы алыңыз (Cурет. 26).

Содержание

Похожие устройства

Скачать