Samsung FG77SSTR [80/96] Автоматты түрде қытырлақ етіп пісіру функциясын пайдалану

Samsung FG77SSTR [80/96] Автоматты түрде қытырлақ етіп пісіру функциясын пайдалану
16
ҚАЗАҚША
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫТЫРЛАҚ ЕТІП ПІСІРУ
ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Автоматты түрде қытырлық етіп пісіру функциясын пайдаланғанда пісіру уақыты
автоматты түрде қойылады. Үстелге тартылатын тағам сандарын ( ) және ( )
түймешіктерін басып реттеуге болады. Әуелі, жұқа табақты бұрылмалы табақтың
ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1. Жұқа табақты бұрылмалы табақтың үстіне тура қойыңыз да,
Микротолқын-Гриль-Аралас режимін ең жоғары параметрге
қойып алдын ала қыздырыңыз. Аралас режим ( )
түймешігін басып, алдын ала қыздыру уақытын (3-5 минут)
( ) және ( ) түймешіктерін басып орнатыңыз.
2. ( ) түймешігін басыңыз.
Жұқа табақты пештен әрқашан қолғап киіп алыңыз, себебі
ол қатты ысып кетеді.
3. Пештің есігін ашыңыз. Тағамды жұқа табақтың үстіне
қойыңыз. Есікті жабыңыз.
Қызартып пісіретін табақты микротолқынды пештің ішіндегі
металл торға (не бұрылмалы табаққа) қойыңыз.
4. Қытырлақ етіп пісіру ( ) түймешігін бір немесе бірнеше
рет басып, пісірілетін тағам түрін таңдаңыз.
5. Тағамның үстелге тартылатын мөлшерін ( ) және ( )
түймешіктерін басып таңдаңыз. (Келесі кестеге қараңыз)
6. ( ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Тағам пісе бастайды. Бұл цикл аяқталған кезде.
1) Пеш төрт рет сигнал береді.
2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет
естіледі (минутына бір рет).
3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.
Жұқа табақты қалай тазалау керек: Жұқа табақты жылы су мен жуғыш заттың
көмегімен тазалап, таза сумен шайыңыз.
Түрпілі шөтке немесе қатты жөкемен тазаламаңыз, себебі беткі қаптамасына зиян
келеді. Жұқа табақты ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚЫТЫРЛАҚ ЕТІП ПІСІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Келесі кестеде әртүрлі автоматты Қытырлақ етіп пісіру бағдарламалары, тағамның мөлшері,
қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген. Бұл бағдарламалар микротолқын және гриль
функцияларын бірге қолданғанда жұмыс істейді. Қытырлақ етіп пісіру функциясын пайдаланар
алдында, жұқа табақты бұрылмалы табаққа қойып, 3-5 минут 600 Вт және гриль функциясын
қатар пайдаланып алдын ала қыздыруды ұсынамыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Алдын ала қыздыру уақыты
(мин)
Қоя тұру уақыты
(мин)
1. Мұздатылған
пицца
(-18 °C)
200 г
300 г
400 г
5 мин -
Ұсыныстар
Жұқа табақты 600 Вт + грильді пайдаланып алдын ала қыздырыңыз.
Пиццаны жұқа табаққа қойыңыз. Жұқа табақты торға қойыңыз.
2. Мұздатылған
багета
150 г (1 дана)
250 г (2 дана)
4 мин 2-3 мин
Ұсыныстар
Жұқа табақты 450 Вт + грильді пайдаланып алдын ала қыздырыңыз.
Бір багетаны жұқа табақтың ортасынан алыстау қойыңыз да, 2 багетаны
соған қатарластырып қойыңыз. Бұл үстінде толтырмасы бар багеталарға
(мысалы, көкөніс, ветчина және ірімшік), сонымен қатар пицца
тісбасарларына сай келетін бағдарлама.
3. Мұздатылған
киш/бәліш
(-18 °C)
150 г (1 дана)
300 г (1-2 дана)
3 мин 1-2 мин
Ұсыныстар
Жұқа табақты 600 Вт + грильді пайдаланып алдын ала қыздырыңыз.
Мұздатылған киш/бәлішті жұқа табаққа қойыңыз. Жұқа табақты торға
қойыңыз.
4. Мұздатылған
тауық нагетстері
125 г
250 г
4 мин -
Ұсыныстар
Жұқа табақты 600 Вт + грильді пайдаланып алдын ала қыздырыңыз.
Жұқа табаққа бір ас қасық май жағыңыз. Тауық нагетстерін жұқа табаққа
біркелкі етіп таратыңыз. Пештен сигнал естілгенде аударыңыз. Пісіруді
жалғастыру үшін бастау түймешігін басыңыз.
FG77SSTR_BWT_DE68-04136B_KK.indd 16 2012-08-20 �� 11:39:06

Содержание