Samsung FG77SSTR [87/96] Сұйық тағамдарды қыздыру

Samsung FG77SSTR [87/96] Сұйық тағамдарды қыздыру
23
ҚАЗАҚША
Ақыл-кеңес: Жас көкөністерді біркелкі етіп тураңыз. Неғұрлым кішірек
етіп турасаңыз, соғұрлым тезірек піседі.
Жас көкөністердің барлығын толық микротолқын қуатымен (850 Вт) пісіру керек.
Тағам Мөлшері Уақыт
(мин)
Қоя тұру
уақыты
(мин)
Нұсқаулар
Брокколи 250 г 4-4½ 3
Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз.
Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз.
500 г 8-8½ 3
Брюссель
орамжапырағы
250 г 5½-6½ 3
60-75 мл (5-6 ас қасық) су қосыңыз.
Сәбіз 250 г 4½-5 3
Сәбіздерді бірдей мөлшерде кесіңіз.
Түрлі-түсті
орамжапырақ
250 г 5-5½ 3
Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз.
Үлкен гүлдерін екіге бөліңіз.
Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз.
500 г 8½-9
Кәдіш 250 г 3½-4 3
Кәдішті жапырақтап тураңыз. 30 мл
(2 ас қасық) су құйыңыз немесе бір
түйір май салыңыз. Жұмсақ болғанша
пісіріңіз.
Баклажан 250 г 3½-4 3
Баклажанды кішкене етіп жапырақтап
турап, 1 ас қасық лимон шырынын
себіңіз.
Порей пиязы 250 г 4½-5 3
Порей пиязын қалың етіп жапырақтап
тураңыз.
Саңырауқұлақ 125 г 1½-2 3
Бүтін кішкене саңырауқұлақтарды
немесе туралған саңырауқұлақтарды
алыңыз. Су қоспаңыз. Лимон
шырынын себіңіз. Тұз, бұрыш
салыңыз. Үстелге суын сорғытқаннан
кейін тартыңыз.
250 г 3-3½ 3
Пияз 250 г 5½-6 3
Пияздарды тураңыз немесе екіге
бөліңіз. Тек 15 мл (1 ас қасық) су
қосыңыз.
Бұрыш 250 г 4½-5 3
Бұрышты кішкенелеп бөліңіз.
Картоп 250 г 4-5 3
Қабығы аршылған картоптың
салмағын өлшеп алып, кішкенелеп
екіге немесе төртке бөліңіз.
500 г 7½-8½ 3
Кольраби
орамжапырағы
250 г 5-5½ 3
Кольраби орамжапырағын кішкене
текшелерге бөліңіз.
ҚЫЗДЫРУ
Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пеші немесе электр пештерінде жұмсалатын
уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады. Төмендегі кестеде
көрсетілген қуат мәні мен қыздыру уақыттарын жалпылама нұсқау ретінде қолданыңыз.
Кестедегі уақыт сұйық тағам +18-ден +20 °C дейінгі бөлме температурасында, немесе
тоңазытылған тағамның температурасы +5 градустан +7 °C градус деген есеппен берілген.
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырмаңыз – олардың ішкі жағы піскенше
сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін. Тағамды кішкене мөлшерде қыздырсаңыз, нәтижесі
соғұрлым жақсырақ болады.
Қуат мәндері және тағамды араластыру
Кейбір тағамды 850 Вт қуатты қолданып, кейбірін 600 Вт, 450 Вт немесе тіпті 300 Вт қуатты
қолданып қыздыруға болады.
Кестедегі ұсыныстарды қараңыз. Жалпы, тағам баппен пісіруді қажет етсе, үлкен мөлшерде
дайындалса немесе тез қызып кететіндей болса (мысалы, фарш қосылған бәліш), бұндай
тағамдарды төмен қуатпен қыздырған дұрыс. Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып
жатқан кезде аударыңыз. Мүмкін болса, үстелге қоярдың алдында тағы да араластырыңыз.
Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай болыңыз. Сұйық тағам
кенет тасып төгіліп, адам соған күйіп қалмас үшін, тағамды қыздырардың алдында және
қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз. Оларды микротолқынды пештің ішіне, қоя тұру
уақыты аяқталғанша қоя тұрыңыз. Пластик қасық немесе шыны қалақты сұйық заттарға
салып қоюды ұсынамыз. Тағамды қатты қыздырудан (іске алғысыз болмас үшін) сақ
болыңыз. Пісіру уақытын аз есептеп, қажет болса, қосымша уақыт қосып қоя тұрыңыз.
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде қарап жүру үшін
жазып қойған дұрыс. Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрсын.
Тағамды қыздырып болғаннан кейін біраз уақыт қоя тұрыңыз – температура тағам бойына
біркелкі таралу үшін. Қыздырып болғаннан кейін, егер кестеде басқаша көрсетілмесе,
тағамды 2-4 минут қоя тұруды ұсынамыз. Сұйық тағам немесе баланың тағамын
қыздырғанда ерекше абай болыңыз. Сонымен қатар, сақтық шаралары қамтылған тарауды
да қараңыз.
СҰЙЫҚ ТАҒАМДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Температура тағам бойына біркелкі тарау үшін пешті сөндіргеннен кейін тағамды әрқашан, кем
дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін
де ӘРҚАШАН араластырыңыз. Кенет тасыған тағамға күйіп қалмас үшін, қасық немесе шыны
қалақты сусынның ішіне салып қою керек, қыздырып жатқанда және оның алдында, қыздырып
болғаннан кейін араластырыңыз.
FG77SSTR_BWT_DE68-04136B_KK.indd 23 2012-08-20 �� 11:39:09

Содержание