Samsung FG77SSTR [82/96] Автоматты түрде жібіту функциясы

Samsung FG77SSTR [82/96] Автоматты түрде жібіту функциясы
18
ҚАЗАҚША
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Автоматты түрде жылдам жібіту функциясы, ет, құс етін, балықты және нан/тортты
жібітуге көмектеседі. Жібіту уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды.
Тек бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз жеткілікті.
Тек микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Алдымен, мұздатылған тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті
жабыңыз.
1. Power Defrost ( ) (Жылдам жібіту) түймешігін бір
немесе бірнеше рет басып пісірілетін тағамның түрін
таңдаңыз. (Келесі жақтағы кестеге қараңыз).
2. Тағамның салмағын ( ) және ( ) түймешіктерін
басып таңдаңыз. Максимум 1500 г салмақты орнатуға
болады.
3. ( ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі:
Жібіту басталады.
Пеш тағам жібітудің орта тұсына
келгенде сигнал береді де, тағамды аударатын уақыт
келгенін хабарлайды.
Жібітуді аяқтау үшін ( ) түймешігін қайта басыңыз.
Сонымен қатар, тағамды қолдан жібітуге де болады. Ол үшін микротолқынмен
пісіру/қыздыру функциясын, 180 Вт қуат мәніне қойып таңдаңыз. Қосымша
ақпаратты 13-ші беттегі “Пісіру/Қыздыру” тарауынан алыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ
Микротолқын қуатына төзімді ыдыс-аяқтарды қолданыңыз; пластик сауыттарды,
ыдыстарды, қағаз кесе, сүлгі т.с.с. пайдаланбаңыз.
Аралас пісіру режимін (гриль және микротолқын) қолданғыңыз
келсе, тек микротолқын және пешке төзімді ыдыстарды ғана
қолданыңыз.
Ыдыс-аяқтар мен керек-жарақтардың жарамдылығы туралы
толығырақ ақпаратты, 20-ші беттегі "Ыдыстың жарамдылығын
анықтау" тарауынан қараңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫ
Келесі кестеде әр түрлі автоматты түрде жібіту бағдарламалары, тағамның
мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген. Тағамды жібітудің
алдында орам материалдарының барлығын алыңыз. Етті, құс етін, балықты,
нанды, тортты керамика табаққа салыңыз.
Код/Тағам Мөлшері Қоя тұру уақыты
1. Ет 200-1500 г 20-60 мин
Ұсыныстар
Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз.
Пеш сигнал берген кезде етті аударыңыз.
Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк, туралған ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын
бағдарлама.
2. Құс еті
200-1500 г 20-60 мин
Ұсыныстар
Сирақтары мен қанаттарының ұшын алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал
берген кезде құс етін аударыңыз.
Бұл бүтін тауық еті мен бөлшектелген тауық етін пісіруге жарайтын бағдарлама.
3. Балық 200-1500 г 20-50 мин
Ұсыныстар
Бүтін балықтың құйырығын алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген
кезде балықты аударыңыз. Бұл бүтін балық пен балық филесін пісіруге жарайтын
бағдарлама.
4. Нан/Торт 125-625 г 5-20 мин
Ұсыныстар
Нанды ас үй қағазына қойыңыз да, пеш сигнал берген кезде аударыңыз. Тортты
керамика табаға қойып, егер мүмкін болса, пештен сигнал естілген бетте
аударыңыз. (Пеш жұмыс жасай береді, есікті ашқан кезде тоқтап қалады.)
Бағдарлама нанның туралған, туралмаған барлық түрлеріне, сонымен қатар
булочка мен багетаға да жарайды. Булочкаларды айналдыра қойыңыз. Бұл
бағдарлама ашыған қамырдан жасалған торт, печенье, чизкейк және ашымаған
қамырдан жасалған кондитер өнімдерінің барлығына сай келеді. Бұл шала
ашыған/қытырлақ кондитер өнімдері, жеміс және кремі бар торттарға, сонымен
қатар үсті шоколадпен безендірілген торттарға сай келмейтін бағдарлама.
Тағамды қолдан жібіткіңіз келсе, 180 Вт қолдан жібіту функциясын
таңдаңыз. Қолдан жібіту және жібіту уақыты туралы қосымша ақпаратты
25-ші беттерден қараңыз.
FG77SSTR_BWT_DE68-04136B_KK.indd 18 2012-08-20 �� 11:39:07

Содержание