MBS DE-611WH [103/172] Духовка шкафымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

MBS DE-611WH [103/172] Духовка шкафымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
101
KZ
Ескерту
Әзірлеу уақыты шамамен берілген және әр түрлі таңдауларға байланысты өзгеріп отыруы
мүмкін. Грильді немесе конвекциясы бар грильді қолданып әзірлегенде түпқойма әрқашан
астындағы 1-ші бағыттағышта орналасуы керек.
6. ДУХОВКА ШКАФЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Осы құрылғының тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
мыналар ұсынылады:
- Тек өндіруші рұқсат еткен сервистік орталықтарға бару.
- Әрқашан түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді қолдану.
- Қуат кабелі зақымдалған жағдайда ауыстыру үшін тек арнайы кабельді
немесе өндірушіден немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу
қызметінен сатып алынған кабельді қолдану керек.
Құрылғымен жұмыстарды орындау кезінде жарақаттарды және құрылғының
зақымдалуын болдырмау үшін духовканың бүйірлеріндегі ойықтарда
орналасқан арнайы әзірленген тұтқаларды пайдалану ұсынылады.
Бұл құрылғы кәсіби емес, тұрмыстық қолдануға ғана әзірленген.
Бұл құрылғының электр жүйесі тек қолданыстағы нормаларға және стандарттарға сай
тиімді жерге қосу жүйесімен дұрыс жалғағанда қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.
Құрылғыны қолдану кезінде қыздыру элементтері және духовка есігінің
кейбір бөліктері өте ыстық болады. Оларға тимеуге және балаларды жеткілікті
қашықтықта ұстауға тырысыңыз.
Құрылғы жұмыс істегенде жылу бөлінеді. Қыздыру элементіне тимеу үшін сақ
болыңыз.
Келесі заттар ықтимал қауіпті болып табылады, сондықтан, оларға балаларды
немесе әрекетке қабілетті емес тұлғаларды жақындатпау үшін тиісті шараларды
қолдану керек:
- Құрылғыны басқару және жалпы құрылғының өзі;
- Орама (қаптар, полистирол, шегелер және т.б.);
- Бөлінетін жылуға байланысты духовканы немесе грильді қолданудан кейін бірден
құрылғының өзі;
- Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғының өзі (құрылғының ықтимал
қауіпті бөліктерін қауіпсіз ету керек).
Мыналардан сақтаныңыз:
- Құрылғыға дененің ылғалды бөліктерімен тиюлерден;
- Құрылғыны жалаңаяқ қолданудан;
- Ашаны розеткадан кабельді тартып суырудан;
- Тиісті емес немесе қауіпті әрекеттерден;
- Желдетуге және жылуды сейілтуге арналған ойықтарды бөгеуден;
- Шағын тұрмыстық құрылғылардың қуат кабельдерінің құрылғының ыстық
бөліктеріне тиюінен;

Содержание

Скачать