MBS DE-611WH [110/172] Кепілдік

MBS DE-611WH [110/172] Кепілдік
108
9. КЕПІЛДІК
Біз осы электр духовка шкафтарына сатып алу күнінен бастап бір жылға кепілдік береміз.
Егер сіз бұйымды осы нұсқаулыққа сай қолдансаңыз, бірақ бұзылу бәрібір орын алса, ең
жақын сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Кепілдік бойынша қызмет көрсетілуі үшін сатушы сату кезінде міндетті түрде толтыруы
керек кепілдік талонымен бірге тұрмыстық құрылғыны сатып алу чегін беру керек. Кепілдік
талонын толтыруды талап етіңіз.
Әйтпесе, кепілдік бойынша міндеттемелер жарамсыз болады.
Келесі жағдайларда кепілдік қолданылмайды:
Осы нұсқаулықта немесе кепілдік талонында көрсетілген талаптар бұзылған.
Духовка шкафы өндірістік мақсаттарда қолданылған.
Кепілдік мерзімі біткен.
Сапалы емес орнату, дұрыс емес қолдану орын алды.
Желінің электр кернеуі духовка нұсқаулығының талаптарына сай емес.
Духовка шкафы өкілетті емес сервистік бекетте жөндеуден өткен немесе жөндеу
кезінде басқа өндірушінің қосалқы бөлшектері қолданылған.
Кепілдік мерзімі біткеннен кейін барлық регламенттік жұмыстар, жөндеу және қосалқы
бөлшектерді ауыстыру ақылы болып табылады.
Бұйым еуропалық стандарттарға сай өндірілген және сертификаттаудан өткізілген.
Бұл нұсқаулық тұрмыстық кірістірілетін духовка шкафтарының келесі үлгілеріне арналған:
DE-604, DE-605, DE-606BL, DE-606IV, DE-607BL, DE-607IV,
DE-610BL, DE-610WH, DE-611, DE-611BL, DE-611WH,
DE-615BL, DE-615WH, DE-620BL, DE-620WH.
Құрметті сатып алушы,
«MBS» сауда белгісінің өнімін таңдағаныңыз үшін рақмет.

Содержание

Скачать