Philips FC6408/01 [35/46] Қазақша

Philips FC6408/01 PowerPro Aqua [35/46] Қазақша
-
Құралды сымынан тартып өшірмеңіз. Кішкентай тығынды (сурет 1) құралдан және адаптерді
қабырға розеткасынан (сурет 2) тартумен өшіріңіз.
-
Бұл құрал суды тазалау үшін пайдаланатындықтан еден сәл уақыт (сурет 3) ылғал әрі сырғанақ
болуы мүмкін.
-
Зақымдалуды болдырмау үшін ешқашан су ыдысында ерімейтін балауызды, майды, еденді күту
өнімдерін немесе сұйық еден тазалағышын қоспаңыз әрі құралдың оларды тартуына жол бермеңіз.
-
Әр түрлі сұйық еден тазалағыштарын араластырмаңыз. Бір еден тазалағышын пайдаланғанда,
таза су ыдысының суына басқа еден тазалағышын қосу алдында таза су ыдысын босатып
шайыңыз.
-
Зақымдалуды болдырмау үшін мөлдір емес немесе тіпті сүтті сұйық еден тазалағышты
пайдаланбаңыз.
-
Сұйық еден тазалағышын пайдаланғанда, ешқашан ең көп мөлшерлерден асырмаңыз. Ыдыс
сыйымдылығы 200 мл болғандықтан су ыдысындағы суға бірнеше тамшы ғана қосыңыз.
-
Металл ылғалды лентаны өткір затпен тазаламаңыз, себебі ол лентаның зақымдалуына әкелуі
мүмкін. Ылғалды лентаны ағынды сумен шаю арқылы ғана тазалаңыз. Ылғалды лентаны тазалау
мүмкін болмаған кезде оны ауыстырыңыз.
-
Ылғалды лентаны түпнұсқалы лентамен ауыстырыңыз. Жаңа лентаға тапсырыс беру үшін
«Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
-
Су ыдысын нұсқауларға сәйкес тазалаңыз. Су ыдысын ыдыс жуатын машинада жумаңыз.
-
Қолданып болған соң және зарядтау кезінде құралды өшіру керек.
-
Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын тесіктерді жаппаңыз.
-
Шаңсорғышты сүзгі бөлігімен ғана қолданыңыз.
-
Құралдың қабырғаға орнатылған қабырға бекітпесімен пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға
сай орнатылғанын тексеріңіз.
-
Ток соғу қаупін болдырмау үшін қабырға бекітпесін тіркеу мақсатында қабырғада тесік жасаған
кезде абай болыңыз.
-
Максималды шу деңгейі: Lc = 85 дБ(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Құрылғыны пайдалану
Пайдалану шектеулері
-
Су ыдысын суға төзімді жоғарғы қабаты (мысалы, линолеум, жылтыр кафель және лакталған
паркет) бар қатты және тас (мысалы, мрамор) едендерде ғана пайдаланыңыз. Егер еденіңіз суға
төзімді ету үшін өңделмеген болса, өндірушіден оны тазалау үшін суды пайдалануға бола ма, жоқ
па, соны сұраңыз. Су ыдысын суға төзімді жоғарғы қабаты зақымдалған қатты едендерде
пайдаланбаңыз.
-
Су ыдысын тек линолиумның жуу қондырмасының ішіне тартылуын болдырмау үшін дұрыс
бекітілген линолиум едендерде пайдаланыңыз.
-
Кілемдерді тазалау үшін су ыдысын пайдаланбаңыз.
-
Құралды су ыдысымен бірге жылжытпаңыз, себебі ол су іздерін қалдырады. Тек алға артқа
жылжыңыз.
Ескерту: Орындау уақытының ұзақтығы тазалау барысында пайдаланылатын қуат деңгейіне
байланысты.
109
Қазақша

Содержание

Похожие устройства