Redmond RJ-912S [18/24] Қауіпсіздік шаралары

Redmond RJ-912S [18/24] Қауіпсіздік шаралары
18
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тар-
тылмайды.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, мен өнеркәсіптік
емес пайдаланудың кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану
бұйымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұта-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасымалдаған
кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен ұстап
тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін, үшкір
заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымдалуы
кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел ауысты-
руды талап етеді.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз.
Өте қатты өнімдерді пайдаланбаңыз және қатты күш салмаңыз. Шырын-
сыққыштың моторға артық күш түсіруден қорғау функциясы бар.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады құрылғы корпусының
ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
НАЗАР АУДАР! Құрылғы жұмыс жасап жатқан кезде бөгде зат-
тармен немесе саусақпен шағын тиегіш тесікке қоқыстарды
итермеңіз. Ол үшін арнайы итергішті қолдану керек. Сүзгіде
орналасқан пышақтарды ұстамаңыз. Олар тым өткір!
Құрылғыны тазаламас бұрын, оның электр желісінен ажыратылғанына және
айналу толық тоқтағанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқа-
улықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе оны су ағынына салуға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе
тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның ішінде балалардың)
қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар қадағаланып, олардың қауіпсізді-
гі үшін жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға қатысты нұсқау жасалған
жағдайлардан басқа. Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен,
сонымен қатар зауыттық орамымен ойнауына жол бермеу мақсатында
қадағалап отыру қажет. Құрылғыны тазалау және қызмет көрсетуді балалар
ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұ-
мыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз
жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.

Содержание