Redmond SkyWiper RV-RW001S [21/24] R4s gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару

Redmond SkyWiper RV-RW001S [21/24] R4s gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару
SkyWiper RV-RW001S
21
KAZ
5.
Жұмысы аяқталған соң аспап дыбыстық сигнал береді. Аспапты тұтқасынан ұстап
тұрып, батырмасын басыңыз, аспаптың сөнуін күтіңіз және оны абайлап жуылатын
қабаттан шешіп алыңыз.
Егер дымқыл жиыстырудан кейін шыныда дақтар қалатын болса, оларды жою үшін бетті
құрғақ моптар пайдалана отырып қолмен немесе аспаптың көмегімен 1-2 рет сүртіңіз.
Индикациясы
Аспаптың үстіңгі бөлігінде аспаптың жұмыс істеп тұрғанын көрсетіп тұратын 4 индикатор
орналасқан:
Ақ индикатор: аспап қосылған
Көк индикатор: штаттық жұмыс жасау
Қызыл индикатор: аккумуляторды зарядтау кезінде ұдайы жанады, қателік кезінде
немесе аккумулятордың заряды таусылған кезде жыпылықтайды
Жасыл индикатор: аккумулятор толығымен зарядталды
Аспап терезенің қай жағында тұрғанына қарамастан сіз оның жұмысын бақылай алуыңыз
үшін, штаттық жұмыс істеу тәртіптемесі мен қателік индикаторлары түбінде қайталанған:
көк индикатор штаттық жұмыс кезінде жанады, қызыл индикатор қателік кезінде және
аккумулятордың заряды таусылған кезде жыпылықтайды.
Қашықтықтан басқару пульттін қолданыңыз
Сіз сонымен қатар аспапты қашықтықтан басқару пульті арқылы басқара аласыз. Аспапты
қосу үшін түймесін басып ұстап тұрыңыз да, аспапты тазаланатын бетке қойыңыз.
Start түймесін басқан жағдайда аспаптың автоматты тәртіптемедегі жұмысы іске
қосылады.
Аспапты қолмен басқару үшін , , , түймелерін басыңыз аспап көрсетілген
бағытқа қарай қозғалады. Бағытын ауыстыру үшін немесе STOP батырмасын басу
арқылы аспапты тоқтатыңыз, содан соң жаңа бағытты таңдаңыз.
Берілген траекториямен қозғалуды қосу үшін келесі түймелердің бірін басыңыз:
Автоматты тәртіптеме. Жоғарыға, оңға,
төменге қарай қозғалу
Солға және төменге қозғалу
Оңға және төмен қозғалу
Аспап траекторияға сәйкестік бойынша қозғалатын болады. Тазалау аяқталған соң аспап
тоқтайды және дыбыстық сигнал береді. Қозғалысты тоқтату үшін STOP батырмасын басыңыз.
А және В функционалдық батырмалары аспаптың келесі моделінде қолжетімді.
Ready for Sky қосымшасы арқылы құрылғыны қашықтан басқару
Ready for Sky қосымшасы смартфон немесе планшет арқылы құрылғыны қашықтан жақын
жерде бақылауға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің смартфон немесе планшетінізге Ready for Sky қосымшасын App Store неме-
се Google Play қосымша магазиндерінен жүктеуге болады (пайдаланылатын құрылғы-
ның операциялық жүйесіне байланысты).
Минималды қолдалатын операциялық жүйені компанияның www.redmond.company ресми
сайтында немесе App Store және Google Play дүкендеріндегі қосымшаның сипаттамасынан
анықтаңыз.
2. Ұялы құрылғыда Bluetooth функциясын қосыңыз.
3. Ready for Sky қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы көмек-
ші сөздерді орындап отырыңыз. Қосу үшін қолжетімді құрылғылардың тізімінде
құралдың атауы үлгінің нөмірімен сәйкес келеді. Жаңа атауды белгілеуге немесе
бастапқы күйі бойынша орнатылған атын қалдыруға болады.
Тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін ұялы құрылғы құралдан 10 метрден астам
емес жерде болуы керек.
REDMOND компаниясы Сіздерге Ready for Sky технология жаңасын ұсынуға қуанышты—
қосымша R4S Gateway. Осы қосымша сізге Интернет желісінің көмегімен әлемнің кез
келген нүктесінен тұрмыстық техниканы басқаруға мүмкіндік береді: ол сіздің үйдегі
Ready for Sky сериялы аспабы арасындағы көпірге және сіздің ұялық құралыңызға ай-
налады.
R4S Gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару
1. «Ready for Sky қосымшасы арқылы құрылғыны қашықтан басқару» бөліміне сәйкес
негізгі басқарушы қосымша (Ready for Sky) арқылы аспапты қашықтықтан аударуды
баптап қойыңыз.
2. R4S Gateway қосымшасын үйде гейтвей ретінде қалдыра алатын смартфонға немесе
планшетке жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Онда Android операциялық жүйесі орна-
тылған болуы тиіс, операциялық жүйеге қойылатын минималды талаптар компанияның
www.redmond.company ресми сайтында немесе Google Play қосымшаның сипаттама-
сында көрсетілген. Құралыңыз Интернет желісіне (GSM, Wi-Fi және т.б.), Bluetoothке
қосылу екендігіне көз жеткізіңіз.
3.
R4S Gateway қосымшасына негізгі басқарушы қосымшамен (Ready for Sky) жұмыс
кезінде пайдаланатын аккаунт арқылы кіріңіз.
4.
R4S Gateway қосымшасында экран бойымен саусағыңызбен жоғарыдан төменге жүріңіз
(свайп): SkyWiper RV-RW001S қол жетімді аспаптардың тізімінде пайда болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Тұрақты қосылысты қамтамасыз ету үшін R4S Gateway қосымшасы бар сіздің үй смарт-
фоныңыз немесе планшетіңіз пайдаланатын тұрмыстық аспаптан 10 метр
қашықтықтан алыс болмауы тиіс.

Содержание