Zanussi ZGF646CTWC [22/52] Күту менен тазалау

Zanussi ZGF646CTWC [22/52] Күту менен тазалау
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Пешті тазалауды жеңілдету үшін
таба
қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш
машинағажарамайды; оларды қолмен
жуу керек.
Таба тағандарын қолмен жуған кезде,
оларды құрғатып сүрткенде абай
болыңыз, себебі эмальмен қапталған
жиектері өткір
болуы мүмкін. Қажет
болса, қатып қалған дақтарды
тазартқыш пастамен кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Қоқысты тазалау:
1. Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам.
Мыналарды тазалауға кіріспес
бұрын пешті электр желісінен
ағытып, суытыңыз: əк дақтары, су
дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің
сыртқы қабатына жарамды арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
2. Аспапты дымқыл шүберекпен, шамалы
сабын қосып тазалаңыз.
3. Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
таза шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Тұтандырғыш оттықты тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың көмегімен
орындалады. Тұтандыру қиынға соқпауы
үшін осы құрамдас бөліктерді таза күйінде
ұстаңыз жəне оттықтағы шілтер
тесіктерінің бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
Мерзімдік техникалық қызмет
көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің жəне, егер
орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін
тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына аракідік хабарласыңыз.
22

Содержание

Скачать