Zanussi ZOB484XQ [3/64] Электр қосылымы

Zanussi ZOB484XQ [3/64] Электр қосылымы
Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды (қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр не газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз.
Құрылғыны орнатардың алдында,
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
тартпаңыз.
Электрлік
қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық полюстерде желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. Оқшаулағыш
құрылғының ені кем дегенде 3 мм
түйіспе саңылауы болуға тиіс.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр қатерінен сақтандыратын
құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.
Орнатардың алдында ас
үй жиһазы мен
құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының арт жағы мен бір жақ
жанын, биігірек құрылғыға жанастырып
орнатыңыз. Керісінше екінші жағын,
биіктігі бірдей құрылғыға қатарластыра
орнату қажет.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға
болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті,
арнаулы қосылым жүйелерінің көмегімен
орнатылады. Құрылғыға нұқсан келмес
үшін, тек бір өндіруші өндірген
құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электр қосылымы
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Бұл адам
3

Содержание