Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex — қуырдақ дайындау және гриль жасау бойынша нұсқаулық [116/208]

Превью страниц Страница 116 / 208
Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex [116/208] Істі бастау алдында
12 Қазақ
Істі бастау алдында
Істі бастау алдында
Өте шұңғыл науа * Өте шұңғыл науа (тереңдігі: 50 мм) тор сөренің төсемесін қолданып
немесе қолданбай қуырдақ дайындау үшін пайдалануға болады.
Көлбеу жағын есікке қаратып қойыңыз.
Қуыратын істік * Қуыратын істікті, мысалы, тауықтан гриль жасау үшін қолдануға
болады. Істік тек қана 4-ші деңгейде, істік адаптері бар бір камера
режимінде пайдаланып ғана қолданыңыз. Гриль режимінде тағам
пісірер алдында істіктің тұтқасын бұрап алыңыз.
Қуыратын істік
және кәуап істігі *
Тағам пісірген кезде тамшылаған сөлді жинау үшін науаны
1-деңгейге немесе үлкен ет мәзірін пісірген кезде пештің табанына
қойыңыз. Істікті салмағы 1,5 кг асатын тағамды дайындау үшін
іпайдаланбаңыз.
1. Етке істікті шаншыңыз. Істікті етке сұғу үшін істіктің доғал
ұшына тұтқаны бұрап қоюға болады.
2. Аздап пісірілген картоп пен көкөністерді еттің айналасына
қойыңыз.
3. Аспаны ортаңғы сөренің орнына қойыңыз да, “V” жағын алдына
қаратып қойыңыз. Істіктің сүйір ұшын арт жаққа қаратып
аспаның үстіне қойыңыз да, істіктің ұшы пештің арт жағында
орналасқан айналдырғыш механизмге кіргенше баппен
итеріңіз. Істіктің доғал ұшы “V” пішімінің үстіне қойылуы керек.
(Істіктердің сонымен пештің есігіне жақын орнатылатын, істіктің
алға жылжып кетуіне жол бермейтін екі тетігі бар, бұл тетіктер
сонымен қатар тұтқаның ұстағышы ретінде де қолданылады.)
4. Тағам пісірер алдында тұтқаны ағытыңыз.
5. Тағам пісіріп болғаннан кейін істікті аспадан ағыту үшін
ұстағышты қайта бұраңыз.
Cырғытпа
жолдар *
Cырғытпа жолдың бағыттағышын науаны төмендегідей орнату үшін
пайдаланыңыз.
1. Жолдың бағыттағышын пештен тартып шығарыңыз.
2. Науаны жолдың бағыттағышына қойып, жолдың бағыттағышын
пештің ішіне қарай сырғытыңыз.
3. Пештің есігін жабыңыз.
Бөлгіш құрал Бөлгіш құрал пешті екі аумаққа бөлуге арналған. Бөлгіш құралды қос
режимде пісіру үшін пайдаланыңыз.
Ет сүңгісі *
Ет сүңгісі ет пісіру барысында еттің ішкі температурасын өлшейді.
Тек пешіңізбен бірге берілген ет сүңгісін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ
Қуыратын істіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Істікті пайдаланған кезде абай болыңыз. Істіктің шанышқысы мен тістері үшкір және
өткір, сондықтан жарақат алуға себеп болуы мүмкін!
Күйіп қалуға жол бермеу үшін ыстық істікті алған кезде қолғап киіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Жұлдызшамен (*) белгіленген керек-жарақтардың болуы үлгі түріне байланысты.
NV7000N_NV75N7646RS_WT_DG68-01056G-00_KK.indd 12 2018-11-26  11:04:34

Содержание

633

Бұл нұсқаулықта қуырдақ дайындау және гриль жасау үшін қажетті құралдар мен әдістер туралы ақпарат берілген. Дұрыс пайдалану ережелерін біліп алыңыз.