Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex — ас пісіру бойынша ұсыныстар: алма бәліші және лазанья [144/208]

Превью страниц Страница 144 / 208
Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex [144/208] Ас пісіру бойынша ұсыныстар
40 Қазақ
Ас пісіру бойынша ұсыныстар
Ас пісіру бойынша ұсыныстар
Алма бәліші
Ингредиенттер
Қамыры: 275 г ұн,
1
/2 ас қасық тұз, 125 г ұнтақ ақ қант, 8 г ваниль
қанты, 175 г суық сары май, 1 жұмыртқа (көпіршітілген)
Толтырмасы: 750 г бүтін тығыз алма, 1 ас қасық лимон шырыны,
40 г қант,
1
/2 ас қасық дәмқабық, 50 г тұқымсыз мейіз, 2 ас қасық
кепкен нан ұнтағы.
Дайындау
тәсілі
Үлкен шараның үстіне тұз қосылған ұнды елеңіз. Ұнтақ қант пен ваниль
қантын бірге елеңіз. Сары майды 2 пышақпен ұннан өткізіп кішкене
текшелерге бөліңіз. Көпіршітілген жұмыртқаның
3
/4 бөлігін қосыңыз.
Барлық құраластарды ас үй комбайнына салып, борпылдақ масса
пайда болғанша илеңіз. Қамырдан қолыңызбен домалақ жасаңыз.
Тағамдық үлдірге орап шамамен 30 минут салқындатып қойыңыз.
Ілгегі бар қалыпты (диаметрі 24-26 см) майлап, бетіне ұн себіңіз.
Қамырдың
3
/4 бөлігін 5 мм қалың етіп жазыңыз. Қалыпқа салыңыз (асты
мен жан-жағына).
Алмалардың қабығын аршып, өзектерін алыңыз. Оларды
3
/4 x
3
/4 см
текшелерге бөліп кесіңіз. Алмаларға лимон шырынын сеуіп, мұқият
араластырыңыз. Қарақат пен мейіздерді жуып, кептіріңіз. Қант,
дәмқабық, мейіз және қарақат қосыңыз. Мұқият араластырып,
қамырдың астыңғы жағына нанның қоқымдарын себіңіз. Сәл басыңыз.
Қамырдың қалғанын жазыңыз. Қамырды кішкене таспаларға бөліп,
толтырманың үстіне айқастырып салыңыз. Бәлішке көпіршітілген
жұмыртқаның қалған бөлігін біркелкі таратып жағыңыз.
Лазанья
Ингредиенттер
2 ас қасық зәйтүн майы, 500 г тартылған сиыр еті, 500 мл қызанақ
тұздығы, 100 мл сиыр етінің сорпасы, 150 г кептірілген лазанья
жаймалары, 1 пияз (туралған), 200 г үккіштен өткізілген ірімшік,
әрқайсысынан 1 ас қасық кептірілген, орегано, базилик
Дайындау
тәсілі
Ет-қызанақ тұздығын дайындаңыз. Майды табаға құйып қыздырып,
содан кейін тартылған ет пен пиязды шамамен 10 минут әбден
қызарғанша пісіріңіз. Үстіне қызанақ тұздығын және сиыр етінің
сорпасын құйып, кептірілген шөптерден салыңыз. Бұрқ еткізіп
қайнатыңыз, содан кейін 30 минут баяу қайнатыңыз.
Лазанья жаймаларын орамындағы нұсқауларға сай пісіріңіз. Лазанья
жаймасын, ет тұздығын және ірімшік қабатын пісірме қалыпқа салып,
содан кейін қайталаңыз. Қалған ірімшікті үстіңгі жайма қабатына біркелкі
таратып салыңыз да, пісіріңіз.
NV7000N_NV75N7646RS_WT_DG68-01056G-00_KK.indd 40 2018-11-26  11:04:46

Содержание

633

Осы бетте алма бәлішінің және лазаньяның дәмді рецептері мен дайындалу тәсілдері ұсынылған. Жеңіл әрі жылдам тағамдар дайындау үшін қажетті ингредиенттер мен кеңестер.