Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex — ас пісіру бойынша ұсыныстар: үй пиццасы, сиыр еті, бәліш [145/208]

Превью страниц Страница 145 / 208
Samsung NV75N7646RB Dual Cook Flex Руководство по эксплуатации онлайн [145/208] 431517
Қазақ 41
Ас пісіру бойынша ұсыныстар
Үй пиццасы
Ингредиенттер
Пицца наны: 300 г ұн, 7 г құрғақ ашытқы, 1 ас қасық зәйтүн майы,
200 мл жылы су, 1 ас қасық қант және тұз.
Толтырмасы: 400 г тілімдерге бөлінген көкөніс (баялды, цуккини,
пияз, қызанақ), 100 г бекон немесе ветчина (туралған), 100 г
үккіштен өткізілген ірімшік
Дайындау
тәсілі
Ұнды, ашытқыны, майды, тұзды, қантты және жылы суды шараға
құйып, жұмсақ, дымқыл етіп қамыр илеңіз. Миксермен немесе қолмен
(5-10 минут) араластырыңыз. Қақпақ жауып, пешке 30 минут 35 °C
градусқа тындыру үшін қойыңыз. Ұн себілген бетке қамырды жазып, тік
төртбұрыш пішімге келтіріп, науаға немесе пицца табасына салыңыз.
Қамырға қызанақ езбесін таратып салып, ветчинаны, саңырауқұлақты,
зәйтүнді және қызанақты салыңыз. Үстіне біркелкі етіп ірімшік сеуіп,
пісіріңіз.
Сиырдың қуырылған қоң еті
Ингредиенттер
1 кг сиырдың кесек еті немесе филесі, 5 г тұз, 1 г бұрыш, әрқайсысынан
3 г розмарин, тимьян
Дайындау
тәсілі
Сиыр етіне тұз, бұрыш және розмарин қосып дәм-татымын келтіріп,
тоңазытқышқа шамамен 1 сағат қойыңыз. Тор сөреге қойыңыз. Пешке
салып пісіріңіз.
Лорен бәліші
Ингредиенттер
Қамыры: 200 г кәдімгі ұн, 80 г сары май, 1 жұмыртқа
Толтырмасы: 75 г текшеленіп туралған майсыз бекон, 125 мл
қаймақ, 125 г жас қаймақ, 2 көпіршітілген жұмыртқа, 100 г үккіштен
өткізілген Швейцар ірімшігі, тұз және бұрыш
Дайындау
тәсілі
Қамыр дайындау үшін ұнды, сары майды және жұмыртқаны шараға
салып, жұмсақ етіп илеңіз, содан кейін тоңазытқышқа 30 минут қойыңыз.
Қамырды жазып, бәлішке арналған (диаметрі 25 см), майланған қыш
ыдысқа салыңыз. Астыңғы жағын шанышқымен тесіңіз. Жұмыртқа,
кілегей, қою қаймақ, ірімшік, тұз және бұрыш салып араластырыңыз.
Қоспаны қамыр салынған қалыпқа салып пісіріңіз.
Жеміс қоқымдары
Ингредиенттер
Толтырмасы: 200 г ұн, 100 г сары май, 100 г қант, 2 г тұз, 2 г
дәмқабық ұнтағы
Жеміс: 600 г аралас жемістер
Дайындау
тәсілі
Барлық ингредиенттерді үкпе массаға айналғанша араластырыңыз.
Көкөністерді пеш ыдысына салып, үкпе массаны себіңіз.
NV7000N_NV75N7646RS_WT_DG68-01056G-00_KK.indd 41 2018-11-26  11:04:46

Содержание

633

Үйде пицца, сиыр еті мен бәліш дайындау бойынша қарапайым рецепттер. Дәмді тағамдар жасау үшін қажетті ингредиенттер мен дайындау тәсілдері.