Crown CT18108 BMC [141/160] Қозғалтыш құралды қолданубойынша ұсыныстар

Crown CT18108 BMC [141/160] Қозғалтыш құралды қолданубойынша ұсыныстар
141
Қазақ тілі
Қозғалтқыш құралдың алғашқы рет
іске қосу
Функцияларды ауыстырып-қосқышы (9-11 сур.
қараңыз)
Жұмыс режімдерін ауыстырып-
қосқыш қозғалтқыштың ажыратулы
режімінде ғана жүзеге асырылады.
7-функцияларды ауыстырып-қосқышы
7 - ауыстырып-қосқышын берілген
күйде бекіту үшін қолданылатын 17-
бекіткішімен жабдықталған. 7- жұмыс
режімдерін ауыстырып-қосқышын қалаған
жұмыс режімін орнату үшін 17-батырмасын
баса отырып бұрыңыз.
7-режімдерді ауыстырып-қосқышы аспаптың
жұмыс режімдерін ауыстыруға арналған:
[CT18138, CT18122]
Бұрғылау (7 функция қосқыштарын 9.1 және 10.1
суретінде көрсетілген күйлерге орнатыңыз) - ағашта,
синтетикада, металда соғусыз бұрғылау.
Соққымен бұрғылау (7 функциялар
ауыстырғышын 9.2 және 10.2 суретінде көрсетілген
орындарға орнатыңыз) - таста, бетонда, табиғи
таста соққымен бұрғылау.
[CT18108]
Бұрғылау (7 функция қосқыштарын 11.1 суретінде
көрсетілген күйлерге орнатыңыз) - ағашта,
синтетикада, металда соғусыз бұрғылау.
Соққымен бұрғылау (7 функциялар
ауыстырғышын 11.2 суретінде көрсетілген
орындарға орнатыңыз) - таста, бетонда, табиғи
таста соққымен бұрғылау.
Бұрғылау айналмалары (7-ауыстырып-
қосқышын 11.3 суретінде көрсетілгендей күйге
орнатыңыз) - бұл режім электраспабына жұмыс
істеу мүмкіндігін бермейді, бірақ кескішті ұңғылау
жұмыстары үшін ыңғайлы жағдайға орнату
мүмкіндігін береді.
Ұңғылау (7-ауыстырып-қосқышын 11.4 суретінде
көрсетілгендей күйге орнатыңыз) - кірпіш
қалауындағы, бетондағы, тастағы каналдарды
ұңғылау, керамикалық тақталарды жою.
Режімдер арасындағы ауыстыруды
жұмсақ ету үшін патронды 1 (SDS PLUS)
қолмен айналдырыңыз.
Жылдамдықты ретсіз лайықтау
Жылдамдықты қосу / ажырату
қосқышты 10 басып 0-ден максималды
мәнге дейін бақылауға болады. Ақырын
басса ол аз айналады, сонда қозғалтқыш
құрылғы ақырын қосылады.
Айналдыру бағытын ауыстыру (12 сур. қараңыз)
Айналдыру бағытын тек қозғалтқыш
толығымен тоқтағанда ауыстырыңыз,
әйтпесе ол қозғалтқыш құрылғының
бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сағат тілімен бұру (бұрғылау, бұрандаларды
бекіту) - айналмалы бағыт қосқышын 9 12.1-сур.
көрсетілгендей жылжытыңыз.
Сағат тіліне қарсы бұру (бұрандаларды
бұрап алу) - бұру бағыты қосқышын 9 12.2-сур.
көрсетілгендей жылжытыңыз.
Қорғағыш муфта
Қорғағыш муфта аспаптың шектен тыс жүктелуінен
және бұрғылау кезінде элементтер жабысқан
жағдайда бұзылудан қорғайды.
Қозғалтыш құралды қолданубойынша
ұсыныстар
Денеге діріл әсерін азайту үшін
жұмыс істеп жатқанда қалың, жұмсақ
қолғапты киіңіз.
Әрқашан жұмыс кезінде 6-қосымша тұтқаны
қолданыңыз, бұл сіздің электраспабыңыздың ең
жақсы бақылауын қамтамасыз ете отырып, серпуді
азайтады.
Екпінді бұрғылау кезінде екпінді механизм
конструкциясының арқасында нәтиже сіздің
электраспабыңызға қолданылатын қысу қуатына
байланысты болмайды. Сондықтан сіздің
аспабыңызға шектен тыс қысым бермеңіз, себебі
ол бұрғының сыналануына және қозғалтқыштың
жүктелуіне әкеп соқтырады.
Қабырға немесе төбені бұрғылаған кезде
шығатын шаңды азайту үшін 13 сур. көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Назар аударыңыз: ағаш және
металлды бұрғылау тек екпінсіз
бұрғылау режімінде жүргізіледі.
Металл затта тесік бұрғылағанда (түсті металл
және оның қорытпаларын қоспағанда) үнемі
бұрғыны біраз майлап тұрыңыз.
Қатты металлдарды бұрғылаған кезде көбірек
күш қосыңыз және төменірек айналу жылдамдығын
орнатыңыз.
Металл затта диаметрі үлкен тесік бұрғылаған
кезде, алғашында диаметрі кішкентай тесік
бұрғылап оны керекті мөлшерге дейін үлкейтіңіз
(14.1 сур. қараңыз).
Ағашта тесік бұрғылаған кезде бұрғының шығу
жерінде жарылыс пайда болмау үшін 14.2 сур.
көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Жылтыратылған кафель тақталарын бұрғылау
кезінде бұрғының центрлеу дәлдігін жақсарту
үшін және жалтырағын зақымдалудан қорғау үшін
шамаланатын орталық саңылауында желімтек
лентаны қолданыңыз және тек осыдан кейін ғана
бұрғылаңыз (15 сур. қараңыз). Назар аударыңыз:
тақтаны бұрғылау тек екпінсіз режімде.

Содержание

Похожие устройства

Скачать