Ensto EFHFM160.9 [12/36] Жеткізу жиынтығының құрамы

Ensto EFHFM160.8 [12/36] Жеткізу жиынтығының құрамы
12
RAK118 / © Ensto 2018
ҚЫЗДЫРҒЫШ FINNMAT
Осы нұсқаулық тегістеуші ерітіндіні тікелей тақтайша, паркет, ламинат немесе линолеум астына
орнату үшін арналған ”жылы еден” жүйелеріне арналған 160 Вт/м2 FinnMat жұқа қыздырғыш
төсеніштерін монтаждау ережесін сипаттайды.
Монтаждау алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз және жұмыстарды жүргізу кезінде біздің
ұсынысымызды орындаңыз. Біз сондай-ақ жүйені пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде онымен бұдан
кейін айналысу үшін осы нұсқаулықты сақтауыңызды ұсынамыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
FinnMat қыздырғыш төсеніштері
Жылу еденге арналған термореттегіш (тек ”+T” таңбасы бар өнімдер үшін ғана)
Шеткі тығыны бар икемді пластикалық түтік
Оқшаулағыш таспа
Монтаждау бойынша нұсқаулық
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Монтаж тек білікті электрикпен ғана орындалуы қажет.
Монтаждау алдында монтаждау бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Қыздырғыш кабельді монтаждаған кезде әрекеттегі қауіпсіздік техникасының, ережелерінің
және шектеулерінің нормаларын сақтау міндетті.
Осы нұсқаулықтың мазмұнындағы ақпарат, пайдаланушыны барлық қолданылатын
нормативтердің және қауіпсіздік стандарттарының талаптарын сақтау міндетінен еш
уақытта босатпайды.
ЖОСПАРЛАР
Қыздырғыш төсенішін монтаждау үшін монтаждау жоспарын және жұмыс сызбасын құрастыру
қажет. Осы екі құжат білікті электротехникпен немесе электрлік жүйелерді жобалаушымен
өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес және салалық нормалар мен стандарттарды сақтап,
құрастырылуы қажет.
Жұмыс сызбаларында келесілер көрсетілу қажет:
Ř қыздырғыш төсенішінің түрі, атаулы сипаттамалары мен ұзындығы
Ř қыздырғыш төсенішті төсеу ауданы
Жұмыс сызбалары барынша нақты болуы қажет, ал барлық өзгерістер қорытынды сызбаларда
көрсетілуі қажет.
МОНТАЖДАУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Қыздырғыш кабельдерін қысқартуға тыйым салынады Кабельдердің ұштарында жалғағыштарда
керіліс болмауы қажет.
Қыздырғыш кабельді қажет болған кезде тордан ажыратуға болады. Ажыратылған кабельді
төсеу, кабельді торға бекіткен кездегі сияқты аралықтарды сақтап жүзеге асырылады. Кабельдің
айналымдары арасындағы қашықтық 60 мм кем болмауы қажет.
Қыздырғыш төсеніштерді стационарлық құрылымдардың астына төсеуге рұқсат берілмейді
(мысалы, қабырға шкафының астына).
Қыздырғыш төсеніш төселген еденге шеге қағуға немесе саңылауларды бұрғылауға рұқсат
берілмейді.
Қыздырғыш төсеніштің кабелін басуға болмайды. Қыздырғыш кабель және кабельдің
ұштарындағы жалғағыштар механикалық жүктемеге ұшырамауы қажет.
Қыздырғыш кабель тегістеуші тұтастырғышпен толықтай төселуі қажет.
Қыздырғыш кабелінің иілуінің ең аз радиусы 30 мм құрайды.
KAZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать