Samsung CTN464NC01 [95/108] Жарамды ыдыс аяқ

Samsung CTN464NC01 [95/108] Жарамды ыдыс аяқ
пештің үстін қолдану _23
ПЕШТІҢ ҮСТІН ҚОЛДАНУ
ЖАРАМДЫ ЫДЫС-АЯҚ
Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады.
Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады. Ыдыстың табаны
барынша қалың, әрі барынша тегіс болуы керек.
Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар
аударыңыз. Әдетте өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді.
Табанына нұқсан келген немесе табанының жиектері кедір-бұдыр ыдыстарды
қолданбаңыз. Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін
сызат түсуі мүмкін.
Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін. Оларды
ешқашан сыртқа (дөңес) шығармау керек.
Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу
қайнататын ыдысты немесе қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қуатты үнемдей аласыз.
Пісіру алаңдарын әрқашан
кәстрөлдер мен табаны
қойғаннан кейін іске қосыңыз.
Қоқыс тұрып қалған пісіру
алаңдары мен ыдыстың табаны,
көп қуат шығыңдайды.
Мүмкін болса, кәстрөлдер
мен ыдыстардың қақпақтарын
нығыздап жабыңыз.
Тағамды қалдық қызу көмегімен
жылы ұстау немесе жібіту үшін,
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталардан бұрын сөндіріңіз.
СЕНСОРЛЫҚ ТҮЙМЕШІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Сенсорлық түймешіктерді қолдану үшін, тиісті бейнебет жанғанша немесе
сөнгенше немесе қажетті функция іске қосылғанша қажетті панельге
саусағыңыздың ұшын тигізіңіз.
Құрылғыны іске қосарда, тек бір сенсорлық панельді ғана басыңыз. Егер
панельге саусағыңызды түгел тигізсеңіз, жақын тұрған сенсорлық алаң да іске
қосылып кетуі мүмкін.
Дұрыс!
Теріс!
CTN464NC01_BWT_00345A_KK.indd 23 2011-04-13  11:08:12

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения