Ariston LUCE 7OFK 637J [62/68] Режимдер

Ariston LUCE 7OFK 637J [62/68] Режимдер
62
KZ
Режимдер
Тағам дайындау режимдері
! Келесіден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС (Ең жоғары) аралығында кез
келген температура мәні орнатылуы мүмкін:
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС (Ең жоғары) деңгейін орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда
тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған дұрыс
болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі
температура бірдей болмауы мүмкін.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі
тартпаны пайдалануға болады.
ПИЦЦА режимі
Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі
элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып, пешті
жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп тартпа
қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса) іске
қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке температурасы
қабаттың жоғарғы температурасын қажет ететін
тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі ар болса)
іске қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы
мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің көмегімен
қамтамасыз етілетін бір бағытқа жылылық бөлінудің
тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін
болдырмауға көмектеседі және жылудың тағамның
ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын
қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға сезімтал болатын
тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін торт сияқты
тағамдар) және ұннан жасалған «бір тістем» кондитерлік
өнімдерді 3 тартпада бірдей дайындауға арналған.
Бұрылмалы істік*
Гриль істігі функциясын іске
қосу үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3. Істікте қуыру функциясын немесе режимдерін
таңдау арқылы іске қосыңыз;
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдерінде
тағамның қалдықтарын (соус және/немесе май
сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
Тартпаны 2 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
тартпаның ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ РЕЖИМІ
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін мерзімін ұзартатын
әрі қытырлақ болуына кедергі жасайтын тұтқалы
табаны пайдаланбаңыз.
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру үрдісінің
ортасында пиццаның үстіне моцарелла ірімшігін қосу
ұсынылады.
* Наявний лише у деяких моделях.

Содержание

Скачать