Samsung DW60M6050BB [128/224] Бөлшектері мен функциялары

Samsung DW60M6050BB [128/224] Бөлшектері мен функциялары
16_ Бөлшектері мен функциялары
8 Индикатор
Егер Шайғыш зат толтыру немесе Тұз толтыру индикаторы жанып тұрса,
шаю құралын немесе тұзды толтыру керек.
Кешіктіріп бастау индикаторы
Егер “Кешіктіріп бастау” индикаторы жанып тұрса, “Кешіктіріп
бастау” функциясын таңдау қажет екенін білдіреді.
Шайғыш зат толтыру индикаторы
Егер “Шайғыш зат толтыру” индикаторы жанып тұрса, ыдыс жуғыш
машинада шаю құралының азайғанын және оны толтыру керек екенін
білдіреді.
Тұз толтыру индикаторы
Егер “Тұз толтыру” индикаторы жанып тұрса, ыдыс жуғыш
машинадағы тұздың азайғанын және оны толтыру керек екенін
білдіреді.
9 Дисплей Дисплейде қалған уақыт, ақпарат коды немесе кешіктіру уақыты көрсетіледі.
10 Кешіктіріп бастау
Жууды кешіктіріп бастау уақытын орнату үшін осы түймені басыңыз. Жууды 24
сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады. Осы түймені бір рет бассаңыз, жууды
бір сағатқа кешіктіріп бастайсыз.
11 START (БАСТАУ)
Циклды бастау үшін есікті жабар алдында START (БАСТАУ) түймесін басыңыз.
*Қалпына келтіру : Жұмыс істеп тұрған циклды тоқтатып, суды төгу үшін
START (БАСТАУ) түймесін үш (3) секунд басыңыз.
Ыдыс жуғыш машина параметрлерін бастапқы қалпына қайтарғаннан кейін,
цикл мен опцияны таңдап, ыдыс жуғышты қайта іске қосу үшін START
(БАСТАУ) түймесін басыңыз.
Циклды бастау алдында (Мультитаб, Жартылай жүктеме, Кешіктіріп бастау, Гигиена) функцияларын
таңдауға болады.
Сенсорлық панельдің сезімталдығы төмендеп кетпеу үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
Әр пернетақтаның ортасын саусағыңызбен түртіңіз. Қатты итермеңіз.
Сенсорлық басқару тақтасын жұмсақ, дымқыл шүберекпен уақытылы тазалаңыз.
Бір уақытта бір сенсорлы пернетақтадан басқасын басудан сақ болыңыз.
kAĮ kAĮ kAĮ
Бөлшектері мен функциялары
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-00_KK.indd 16 9/3/2019 5:32:59 PM

Содержание