Little Doctor LD11 [30/32] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар

Little Doctor LD11 [30/32] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар
30
KAZ
ДҰРЫС ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Дұрыс өлшеу үшін күретамырдың қан қысымының тіпті өте қысқа уақыт аралығында
күрт ауытқып кететінін білген дұрыс. Күретамырдың қан қысымының деңгейі көптеген
факторларға байланысты. Əдетте ол жазда төмен, ал қыс кезінде жоғары болады.
Күретамырдың қан қысымы атмосфералық қысыммен бірге өзгеріп тұрады, сондай-ақ
ол денеге түсетін ауырлыққа, көңіл-күйдің қозуына, күйзелістерге жəне тамақ
тану
ре
жіміне де тəуелді. Қабылданатын дəрі-дəрмектердің, алкоголдік ішімдіктердің жəне
темекі тартудың да оған əсері үлкен. Көптеген адамдарда қан қысымы көрсеткіші
емханада өлшеткен кезде де көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан үй жағдайында
өлшенген күретамырдың қан қысымының емханада өлшеткен күретамырдың қан
қысымынан айырмашылығы жиі болып тұрады. Күретамырдың қан қысымы төменгі
температураларда көтерілетіндіктен, өлшеулерді бө
л
ме температурасында (шама-
мен 20 °C) жүргізіңіз. Егер аспап төмен температурада сақталған болса, оны пай-
даланар алдында кем дегенде 1 сағат бөлме температурасында ұстаңыз, əйтпесе
өлшеу нəтижелері қате болуы мүмкін. Денсаулығы дұрыс адамдардың тəулік ішіндегі
систоликалық (ең жоғарғы) қан қысымы көрсеткішінің айырмашылығы 30-50 мм сынап
бағанасын жəне диастоликалық (ең төменгі) қан қысымы көрсеткіші айырмашылығы
10
мм сы
нап бағанасын құрайды. Күретамырдың қан қысымының əртүрлі факторларға
тəуелділігі əр адамда əрқалай болады. Сондықтан күретамырдың қан қысымы
көрсеткіштерінің арнайы күнделігін жүргізген дұрыс. ТЕК ДИПЛОМЫ БАР ДƏРІГЕР
ҒАНА СІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІН КҮНДЕЛІКТЕН
АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ.
ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕНІ ҰСТАУ ҚАЛПЫ
1. Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде столдың жанына Сіздің қолыңыз
оның бетінде жататындай болып отырыңыз. Білегіңіздегі көмкерме оралған
жердің жүрек тұсы деңгейінде, ал білегіңіздің столда бос жатқанына жəне
қозғалып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
2. Сіз қан қысымын шалқаңыздан жатып та өлшей аласыз. Төбеге қарап,
тыныштық сақтаңыз жəне өлшеу кезінде қозғалмаңыз. Білегіңіздегі көмкерме
оралған же
рдің жү
рек тұсы деңгейінде екендігіне міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен,
соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз.
3. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау
элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық
ақса, аспапты зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚО
Л
Ы
ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!

Содержание