Little Doctor LD11 [31/32] Кепілдемелік міндеттемелер

Little Doctor LD11 [31/32] Кепілдемелік міндеттемелер
31
KAZ
4. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін
құрғақ жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
5. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензин-
мен жанасуына жол бермеңіз.
6. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені созуға
жəне сығуға болмайды.
7. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
8. Қажет болғанда аспапты тек мамандандырылған ұйым
дарда ғана жөндетіңіз.
9. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тек-
серту үшін оны ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары)
көрсетіп тұру қажет.
10. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған
ережелерді басшылыққа алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың
арнайы шарттарын белгілемеген.
11. Көмкерме көп рет санитарлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің матамен
жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын) сутек асқын тотығының
3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен зарарсыздандыруға рұқсат етіледі.
Ұзақ пайдаланған кезде көмкерменің мата жабынының түссізденуі мүмкін.
Көмкермені жууға, сондай-ақ ыстық үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 36 ай кепілдемелік мерзім белгіленген.
Көмкерменің кепілдемелік мерзімі сатылған күннен бастап 12 айды құрайды.
2. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік
талонмен ресімделеді.
3. Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының мекенжайлары кепілдемелік
талонда көрсетілген.
СЕРТИФИКАТТАУ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Тұтынушылардың шағымдары мен талап-тілектерін ресми импортердің мына
мекенжайына жолдау керек:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к-сі, 24, «Казмедимпорт» ЖШС,
(7232)
55-89-97
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігітіркеу нөмірі РК-МТ-
7011366 20.05.2013 ж. берілген.
Little Doctor International (S) Pte. Ltd., 35 Selegie Road #09-05 Parkline Shopping
Centre, Singapore 188307 (Литтл Доктор Интернешнл (С) Пти.
Лтд., 35 Cележ Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр, Сингапур 188307)
компаниясының өнімі.
Экспорттаушы: Little Doctor International (S) Pte. Ltd. (Литтл Доктор Интернешнл (С)
Пти. Лтд.).
Дайындаушы: Little Doctor Electronic (Nantong) Co.Ltd., No.8, Tongxing Road Economic
& Technical Development Area, 226010 Nantong, Jiangsu, P.R.China.

Содержание