Samsung WD10N64PR2X [102/216] Қолдану алдында

Samsung WD10N64PR2X [102/216] Қолдану алдында
30 Қазақша
Қолдану алдында
Қолдану алдында
ЕСКЕРТПЕ
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің салмағын, қаншалықты кірлегенін және
аймағыңыздағы судың кермектігін ескере отырып орындаңыз. Судың қаншалықты кермек
екенін білмесеңіз, жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Жентектеліп немесе қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз. Бұндай жуғыш зат шаю
циклынан кейін қалып, су төгетін түтікті бітеп тастауы мүмкін.
Цикл кезінде өте көп көпіршік пайда болып, 'Sud’ жазуы пайда болуы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА) циклымен жүн матаны жуғанда, бейтарап жуғыш затты ғана
пайдаланыңыз. ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА) циклын пайдаланғанда, жуғыш ұнтақ киімге жұғып, оның
бояуы оңып кетуі мүмкін.
Кір жууға арналған капсулалар
Кір жууға арналған капсулалардың көмегімен ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мына
нұсқауларды орындаңыз.
1. Капсуланы бос барабанның түбіне артқы
жаққа жақындау орналастырыңыз.
2. Жуатын кірді барабандағы капсуланың
үстіне жайыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Суық суды пайдаланатын циклдарда немесе бір сағатқа жетпей аяқалатын циклдарда
капсула толық ерімеуі мүмкін.
WD10N64FR2W_DC68-04055J_KK.indd 30 2019/11/14 13:55:20

Содержание

Похожие устройства

Скачать