Samsung WD10N64PR2X [83/216] Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары

Samsung WD10N64PR2X [83/216] Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Қазақша 11
Қауіпсіздік шаралары
Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат
алуы мүмкін.
Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны
розеткадан суырыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде
құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыға қандай да бір бөгде зат кіріп кетсе, қуат ашасын розеткадан суырып, жақын жердегі
Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Балаларға (не үй жануарларына) кір жуғыш машинаның ішіне кіріп немесе үстіне шығып ойнауға
рұқсат бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды және балалар қатты
жарақат алуы немесе қамалып қалуы мүмкін.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с.зат ластаса, ашаны розеткадан
суырыңыз да, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы, бүлінуі не тоттануы мүмкін.
Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны пайдаланған кезде
абай болыңыз.
Шынысы сынып қалса, жарақат алу қаупі бар.
Сумен жабдықтау жүйесіне нұқсан келгеннен кейін немесе су құятын түтікті қайта жалғағаннан кейін
судың шүмегін баяу ашыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін судың шүмегін байқап ашыңыз.
Су құятын түтіктегі не су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегін зақымдауы немесе
су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрғанда су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.
Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр қатері орын алуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, кір жуғыш машинаға әбден салу керек.
Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағып
кетуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде суды жауып қойыңыз.
WD10N64FR2W_DC68-04055J_KK.indd 11 2019/11/14 13:55:16

Содержание

Похожие устройства

Скачать