Samsung WD10N64PR2X [81/216] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

Samsung WD10N64PR2X [81/216] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
Қазақша 9
Қауіпсіздік шаралары
Аяз түтіктерді жарып жіберуі мүмкін.
Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Электрлі трансформаторды қолданбаңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бүлінген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Қорек сымын қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.
Қорек сымын бұрамаңыз немесе байламаңыз.
Қуат сымын темір заттарға ілмеңіз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз, қуат сымын заттардың арасына
кіргізбеңіз немесе қуат сымын құрылғыңың артындағы жерге тықпаңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.
Ашаны розеткадан, ашаның өзінен ұстап суырыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.
Орнатуға қатысты ескертулер
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек.
Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, шуыл шығуы немесе басқа да құрылғыға
қатысты ақаулар пайда болуы мүмкін.
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр және сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да,
жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.
Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз
да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
WD10N64FR2W_DC68-04055J_KK.indd 9 2019/11/14 13:55:16

Содержание

Похожие устройства

Скачать