Little Doctor AQUAJET LD-A7 [28/36] Aquajet жəне ауыз қуысы саулығы

Little Doctor AQUAJET LD-A7 [28/36] Aquajet жəне ауыз қуысы саулығы
ҚАЗАҚША
28
AQUAJET ЖƏНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫ САУЛЫҒЫ
Тістер арасындағы саңылаубұл бактериялар жиналып, өршитін жер.
Бактериялар тіс кіреукесін бұзатын қышқылды өңез түзеді де ол бара-бара тіс пен қызылиектің
қабынуына əкеліп соғады.
Тіс протездерін, қаптарын мен аппараттарын əдеттегідей тазалау қиын болғандықтан
олардың түптерінде ауру тудыратын бактериялар жиналады да олар ауыздың шырыш-
ты қуысының қабынуына əкеліп соғады.
Көпшілік адамдар тіс күтімін те
к о
лардың аппақ болып тұруына қарап бағлайды да
қызылиектің амандығына мəн бермейді. Алайда, егер тісаралық саңылаулар мен тіс
қызылиегі қатпарларын (тіс түптері мен қызылиек арасындағы жерлер) тазалап тұрмаса,
ол біртіндеп тіс тастарының өсуіне жəне қызылиектің қабынуына əкеліп соғады. Қабыну
процесінің асқынуына орай қызылиек тіні бактериялардың жақ сүйектерге дейін тереңдей
дендеп кетуне мүмкіндік бере отырып, біртіндеп тістен ажырайды, жақ сүйектер құрылымына
да бактериялы инфекциялар түседі. Бактериялардың сүйекті мүжуіне орай қызылиек те
мүжіліп бара жатқан сүйек тініне қарай қисая бастайды. Соның салдарынан тістерді ұстап
тұратын қызылиек пен жақ сүйектерінің əлсіреуіне орай тістердің білінбей ұзаруы пайда бо-
лады да ақыр соңында ол босап түсіп қалады. Ауыз қуысының осындай сырқаттарын емдеу
жəне ауруды болдырмау үшін AQUAJET ауыз қуысы ирригаторы қажет.
AQUAJET аспабын кəсіби тіс дəрігерлері мақұлдап, ұсынып отыр. Қондырманың арнайы
құрылғысы су ағысының əдеттегі тіс щеткасы немесе жіп бара бермейтін жерлерге дейін
жетуіне мүмкіндік береді. Судың қуатты ағыны тамақ қалдықтарын шайып, қызылиек пен
бүкіл ауыз қуысына массаж жасайды, қан айналымын жақсарт
ады. Бұл пародонтоз, гингивит,
тістердің шіруі сияқты аурулардан сақтайды жəне тіс тасын болдырмауға көмектеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
AQUAJET LD-A7 ауыз қуысы ирригаторы пародонтальды аурулар, гингивит, парадонтит ауру-
ларды емдеу мен болдырмауға, ауыздың шырышты қуысына дəрі-дəрмек сіңіруге, сондай-ақ
əртүрлі тіс жəне тісаралық аппараттарына (тістемді түзету аппараттарын қоса) күтім жасауға
арналған.
Аспап судың немесе арнайы ерітіндінің қуатты ағынын ауыз қуысының кез келген жеріне жет-
кізуді қамтамасыз етеді. Қызылиек пен бүкіл ауыз қуысына массаж
жасайды, қан айналымын
жақсартады жəне қызылиектің қанауын тоқтатады. Тіс протездері мен қаптарының күтімін
айтарлықтай қамтамасыз етеді, тіс протездері мен қаптарының ауыздың шырышты қуысымен
түйісетін əдеттегі құралдар жете алмайтын жерлеріндегі ауру тудырғыш микрофлоралардың
асқынуына кедергі жасайды. Тіс тасын болдырмайды.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр аспаптарын əсіресе балалар бар кезде пайдаланғанда əрдайым төменде келтірілген
жалпы қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

Содержание