Little Doctor AQUAJET LD-A7 [29/36] Пайдалану тəртібі

Little Doctor AQUAJET LD-A7 [29/36] Пайдалану тəртібі
ҚАЗАҚША
29
Аспапты пайдаланғаннан кейін əрдайым қуат көзінен ажыратып тұрыңыз.
Егер Сіз аспапты ұзақ уақыт пайдаланбай-тын болсаңыз, оның ашасын электр желісінен
суырып, ажыратып тастаңыз.
Желі бауының ашасын дымқыл қолыңызды тигізбеңіз.
Аспапты суға салмаңыз, су астына немесе себезгі кабинасына қоймаңыз.
Жуынған кезде пайдаланбаңыз.
Егер аспап суға түсіп кетсе, оған қол тигізбеңіз.
Пайдаланар алдында желі бауының ақауының жоқтығына көз жеткізіп алыңыз. Желі
бауының ақауы болса аспапты пайдалануға болмайды.
Желі бауы ыстық немесе қызатын заттарға тимеуі керек.
Егер аспап жұмыс істемесе, оны өз бетіңізше жөндеймін деп əуре болмаңыз. Арнайы
шеберханаға апарып көрсетіңіз.
Қуат көзіне қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Тек осы аспаппен ғана пайдалануға арналған жəне осы басшылық
құжатта көрсетілген
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Дайындаушы ұсынбаған құралдарды пайдаланбаңыз.
Аспаптың саңылауларына немесе ирригатор түтікшесіне бөгде зат кіргізбеңіз.
Аэрозольдар себілетін жайларда аспапты пайдаланбаңыз.
Аспап бөлмеден тыс жерде пайдалануға арналмаған.
ПАЙДАЛАНУ ТƏРТІБІ
Контейнерді толтыру.
Суға арналған контейнерді аспаптан алып, қақпағын ашыңыз. Оған жылы су, бактерия
жойғыш ерітінді немесе дəрігеріңіз белгілеп берген дəрілі құрал толтырыңыз.
Контейнердегі сұйықтың температурасының 40°С-тан аспайтынына көз жеткізіңіз. Ауыздың
шырышты қуысы өте сезімтал келетіндіктен күйіп қалуы мүмкін, контейнерге ыстық ерітінді
немесе су құймаңыз. Контейнерді орналастырыңыз (1 сурет).
Бірінші рет пайдаланар алдында контейнерге жылы су құйып, оны түг
е
лдей аспап арқылы
өткізіңіз.
Электр қуатына қосу.
Желі бауы аспаптың артқы бетіндегі арнайы бөлікте оралып қойылады (2 сурет). Артқы
қақпақты төмен қарай сырғытып, желі бауын алыңыз.
Желі бауын өткізу үшін арнайы саңылауды пайдалан отырып, аспаптың артқы қақпағын ор-
нына қойыңыз. Желі бауын электр қуатына қосыңыз.
Ирригатор тұтқасы қондырмасын жалғау/ажырату.
Аспап жиынтығына əр түсті шеңберлері бар 4 жеке-жеке қондырма кіреді. Отбасының əр
мүшесіне белгілі бір түстегі жеке қондырма таңдап алыңыз. Өзіңіз таңдаған түстегі қондырманы
ғана пайдаланыңыз. Бұл жек бас тазалығы талаптарын толық сақтауға мүмкіндік береді.
Қондырманы ирригатор тұтқасына оның ұшы ирригатор тұтқасындағы ойыққа дəл келетіндей
етіп сырт еткізіп орнатыңыз (3 с). Аспап пайдалануға дайын.

Содержание