Little Doctor AQUAJET LD-A7 [30/36] Қазақша

Little Doctor AQUAJET LD-A7 [30/36] Қазақша
ҚАЗАҚША
30
Қондырманы қауіпсіз ажыратуға арналған нұсқаулар:
1. Егер қондырма ирригатор тұтқасынан оңайшылықпен ажырамаса немесе сырты
суланғандықтан тайғанақтаса, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Қондырманы тым қатты
емес құрғақ шүберекпен ораңыз да ажырату əрекетін қайталаңыз.
2. Қондырманы ирригатор тұтқасынан ажыратқан кезде оны өз осінде айналдырмай
тартыңыз. Қондырманы айналдыру оның зақымдануына апарып соғуы мүмкін.
Қосымша қондырмалар жеке сатып алынуы мүмкін
. Аталған аспап үшін тек LD-SA01
үлгідегі қондырмаларын ғана сатып алыңыз.
Аспапты қосу.
Қосу/Ажырату батырмасын басыңыз (4 сурет).
Ерітінділерге арналған қондырмалар, түтікше мен контейнерде сынақтан кейін бір-
неше тамшы су болуы мүмкін. Ол дистильденген гигиеналық жағынан таза су, Сіздің
денсаулығыңызға ешқандай да зияны жоқ.
Ағыс арынын реттеу.
Ағыс арыны үзіліссіз бірқалыпты реттегіші бар жəне ол аспаптың алдыңғы панелінде
орналасқан реттегішті бұру арқылы реттеледі (5 сурет). Бірінші пайдаланғанда ең төменгі
арынды қойған дұрыс (ағыс арынын реттегіштің 1 қалпы), əсіресе Сіздің қызылиегіңіз қанай
беретін болса немесе ирригаторды бала пайдаланса. Ағыс арынын бірте-бірте ұлғайта от-
ыра өзіңізге ыңғайлысын таңдап алыңыз. Сізге қандай ағыс арынының қажет екені жөнінде
стоматологыңызбен кеңесіңіз, əсіресе Сіздің ауыз қуысыңызда сырқат белгілері бар болса.
Пайдалану.
Раковина үстіне еңкейіңіз. Қондырма ұшын тістеріңізге немесе қызылиегіңізге қарай
бағыттаңыз. Ирригатор тұтқасында орналас-қан режімдерді ауыстырғышты (6 сурет) жоғары
жылжыту арқылы ағысты қосыңыз.
Су раковинаға ағу үшін аузыңызды аздап ашық ұстаңыз. Сіз тұтқадағы режімдерді
ауыстырғышты төмен жылжыту арқылы ағысты кез келген уақытта ажырата аласыз.
Қондырма ұшын қызылиекгің бойымен тіс-тердің түбіне, сондай-ақ тісарасы саңылау-
ларына
қарай бағыттаңыз. Ағыс қызылиек пен бүкіл ауыз қуысына жұмсақ массаж жасап, қызылиек
пен тісаралық саңылаулар-ды тамақ қалдықтарынан, ал тістерді тіс қағынан тазартады.
Пайдаланғаннан кейін контейнерді, ирригатор тұтқасын жəне қон-дырманы əрдайым судан
босатыңыз. Бұл қалған суда немесе ерітіндіде бактериялар-дың өршуін болдырмайды. Су
контейнерден толық сарқылғанша аспапты ажыратпаңыз
.
Аспапты үзіліссіз пайдаланудың ең ұзақ уақыты 10 минут. Аспап тым қызып кет-
се автоматты түрде ажырату жүйесі іске қосы-лады. Аспапты бос контейнермен
пайдаланбаңыз.
Аспапты Қосу/Ажырату батырмасын басып ажыратыңыз, қондырманы алып, сақтайтын
өз орнына салыңыз. Ирригатор тұтқасын құрғақ матамен сүртіп, аспаптағы ұстатқышқа
орнатыңыз.
AQUAJETТІ ауыз қуысы гигиенасы үшін пайда
лану тіс
щеткасын бүтіндей ауыстыра ал-
майды. AQUAJETТІ тамақтанғаннан соң ас қалдықтарын шайып, қызылиекке терең мас-
саж жасау үшін пайдаланыңыз, одан кейін тіс щеткасы мен тіс тазалауға арналған жіпті
пайдаланыңыз.

Содержание