Brayer BR1501 Инструкция по эксплуатации онлайн [45/52] 625111

Brayer BR1501 Инструкция по эксплуатации онлайн [45/52] 625111
45
KZ
Білікке (5) қондырмалардың (11, 12 немесе 14)
бірін орнатыңыз, ол үшін қондырманы жоғары
қарай сәл басыңыз және оны сағат тілі бағыты
бойынша бұрыңыз (сур. 3, 4). Қондырманың
сенімді бекігеніне көз жеткізіңіз.
Тостағанға (6) қажетті ингредиенттерді салыңыз.
Бекіткіш тетігіне (2) басыңыз және оны басып
ұстап тұрыңыз, мотор блогінің (1) жоғарғы бөлігін
басыңыз, оны жұмыс күйіне түсіріңіз, тетікті (2) бо-
сатыңыз. Мотор блогінің (1) жұмыс күйіне сенімді
бекігендігіне көз жеткізіңіз.
Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз, осы ретте жұмыс режимдері ауысты-
рғышы тұтқасының шкаласындағы (3) таңба «0»
жанады.
Ескертпе: егер таңба «0» жанбаса, қосымша қонды-
рмаларды орнату орындарының қақпақтары дұрыс
орнатылғанына және бекітілгеніне көз жеткізіңіз,
электр розеткасындағы қуаттандыру бауының ашасы
дұрыс орналасуын тексеріңіз, электр розеткасында
кернеудің бар екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін оған
анық жарамды электр құрылғысын қосыңыз.
Асүйлік машинаны қосу үшін жұмыс режимдері
ауыстырғышы тұтқасын (3) сағат тілі бойынша
бұрыңыз және қондырманың қажетті айналым
жылдамдығын белгілеңіз.
Ескертпе: жұмыс режимдері ауыстырғышы тұтқа-
сының шкаласында (3) орнатылған қондырма үшін
ұсынылған жұмыс жылдамдықтарының таңбалары
белгіленген (сур. 5).
Жұмыс кезінде қажетті ингредиенттерді қоса аласыз,
ол үшін қақпақта (9) тесік (10) қарастырылған.
Асүйлік машинаны қысқа мерзімге қосу үшін, жұмыс
режимі ауыстырғышының тұтқасын (3) күйіне «Р»
бұрыңыз Асүйлік машинаны сөндіру үшін тұтқаны (3)
күйіне «0» орнатыңыз.
Асүйлік машина жұмысының уақыт таймері (сур. 5).
- жұмыс режимі ауыстырғышы тұтқасын (3) күйіне
«I» бұрыңыз, асүйлік машина қосылады, жылдам-
дық автоматты түрде минималдыдан ¼ жылдам-
дыққа дейін артады, жұмыс уақыты 1 минут.
- жұмыс режимін ауыстырғышының тұтқасын (3)
күйіне «II» бұрыңыз, асүйлік машина қосылады,
жылдамдық автоматты түрде минималдыдан
¼ жылдамдыққа дейін артады, жұмыс уақыты 2
минут.
- жұмыс режимдері ауыстырғышы тұтқасын күйіне
«III» бұраңыз, асүйлік машина қосылады, жылдам-
дық автоматты түрде минималдыдан максимал-
дыға дейін артады, жұмыс уақыты 3 минут.
Ескертпе: асүйлік машина біртіндеп іске қосу функци-
ясына ие, құрылғы төмен жылдамдықта іске қосылады,
содан кейін сұйық ингредиенттердің тостағаннан (6)
төгіліп кетуіне жол бермеу үшін жылдамдығы белгілен-
генге дейін жоғарылайды.

Содержание

Скачать