Zanussi OPZB4230B [5/84] Пайдалану

Zanussi OPZB4230B [5/84] Пайдалану
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасы мен желілік
сымына ешбір зақым келтірмеңіз. Қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне не құрылғының
төменгі жағына, әсіресе ыстық тұрған
есікке жақындауға болмайды.
Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
Бұл құрылғы тек желілік кабельмен
жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға немесе
ауыстырғанда пайдалануға болатын
кабель түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Кабельдің қимасын білу үшін техникалық
деректер тақтайшасындағы жалпы қуатты
қараңыз. Сондай-ақ мына кестені қарай
аласыз:
Жалпы қуаты (Вт) Кабель секциясы
(мм²)
ең көбі 1380 3 x 0.75
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1.5
Жер сымы (жасыл/сары кабель) фазалық
және бейтарап кабельдерден (көк және
қоңыр кабельдер) 2 см ұзын болуы керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыстық (жай ішінде) мақсатта
ғана пайдалануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдету саңылауларының
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті
ашқанда абайлаңыз. Ыстық ауа шығуы
мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
Ашық есікке күш салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 5

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения