Zanussi OPZB4230B [6/84] Күту менен тазалау

Zanussi OPZB4230B [6/84] Күту менен тазалау
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық оттың құрылғымен жанасуына
жол бермеңіз.
Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
пешке арналған ыдыстарды немесе
басқа заттарды құрылғы ішінде
тікелей түбіне қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
суды тікелей ыстық құрылғыға
қоймаңыз.
әзірлеуді аяқтағаннан кейін
құрылғыда ылғалды ыдыстарды
және тағамдарды сақтамаңыз.
керек-жарақтарды алып немесе
орнатқан кезде абай болыңыз.
Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындары кетпейтін дақтар
қалдырады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Оны басқа мақсаттарға
пайдалануға болмайды, мысалы,
бөлмені жылыту.
Әрқашан пештің есігі жабық күйде
әзірлеңіз.
Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орнатылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаз панелінің артқы
жағында жылу және ылғал жиналуы
және кейін құрылғыға, корпусқа немесе
еденге зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
пайдаланудан кейін толығымен
суығанша жиһаз панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
Құрылғыны дымқыл жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкелерді,
еріткіштерді немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарықтама
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
6 ҚАЗАҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения