Vitek VT-1309 B [15/32] Қазақша

Vitek VT-1309 B [15/32] Қазақша
ҚАЗАҚША
15
ортаңғы қабаттағы бұрымдарды жазуды
бастаңыз және процесті үстіңгі қабаттағы
шаш бұрымдарын жазумен аяқтаңыз.
Табиғи бұйралап сәндеу
Ауыстырып-қосқышты (2) әлсіз қыздыру
« » күйіне орнатыңыз, ауыстырып-
қосқышты (1) « » күйіне орнатып ауаның
төменгі берілу жылдамдығын орнатыңыз.
Шаш бұрымдарын саусақтардың
арасында мықтап қысыңыз да, оларды
табиғи бұйралануына қарай бұраңыз.
Ауа ағымын саусақтардың арасына қарай
бағыттап шашты кептіріңіз. Қалаған әсерге
қол жеткізгеннен кейін, «суық» ауаны беру
(3) түймесін басып ұстап тұрыңыз да, әр
бұрымды бекітіңіз.
Шаш үлгісін жасау
Фенге саптама-концентраторды (4)
орнатыңыз, одан кейін ауыстыр-
ғыштарды (1, 2) әлсіз қыздыру/жылда-
мдық « »/« » күйіне орнатыңыз.
Шашты бұрымдарға бөліңіз және шаш
сәндеуге арналған дөңгелек қылшақтың
көмегімен шашты сәндеңіз. Шашты
жатқызу кезінде ауа ағымын тікелей шашқа
бағыттаңыз. Егер жатқызуды бекіту керек
болса, «суық» ауа ағымын әр бұрымға
2-5 секунд бойы бағыттаңыз. Жатқызу
ұзақтығы шаштың типіне байланысты,
уақытты өз бетіңізше таңдаңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Қызып кетуден қорғау жүйесі шығатын
ауаның температурасы артып кеткен
жағдайда фенді ажыратады. Егер фен
пайдалану кезінде ажыратылып қалса,
ауыстырып қосқышты (1) «0» күйіне
орнатыңыз, желілік ашаны электр
розеткасынан суырыңыз және кіру
және шығу саңылауының бітелмегенін
тексеріңіз. Фенді 5-10 минут суытып
алыңыз, одан кейін оны қайтадан
қосыңыз. Фенді пайдаланған кезде ауа
саңылауларын бөгеттемеңіз және оның
ауатартқыш саңылауларына шаштың
түсуіне жол бермеңіз.
Тазалау және күтім
Фен тек тұрмыс жағдайында
пайдалануға арналған.
Ауыстырып-қосқышты (1) «0» күйіне
орнатыңыз және желілік шнурды
электр розеткасынан суырыңыз.
Корпусты жұмсақ ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүрту
керек.
Ауа өткізетін торын (5) сағат тіліне
қарсы бұраңыз және оны шешіңіз.
Торды қылшақ көмегімен тазалаңыз,
торды орнына орнатыңыз.
Құрылғыны суға немесе басқа да кез
келген сұйықтыққа батыруға тыйым
салынады.
Корпусты тазарту үшін қажайтын
жуғыш заттар мен еріткіштерді
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Егер сіз фенді пайдаланбайтын
болсаңыз, онда желілік ашаны электр
желісінен суырыңыз.
Феннің желілік шнурын ешқашан
орамаңыз, себебі бұл оның бұзылуына
әкеп соғуы мүмкін. Желілік шнурды
абайлап пайдаланыңыз, оны бұрауға
немесе созуға, әсіресе желілік ашаның
маңайында және фен корпусына
кіретін жерде тартпауға, ширатпауға
және созбауға тырысыңыз. Егер
фенді пайдалану кезінде шнур
шиыршықталып қалса, арасында
тарқатып отырыңыз.
Құрылғыны сақтау қолайлы болуы
үшін іліп қоюға арналған ілмегі (7)
қарастырылған, құрылғыға су тимейтін
жағдайда оған фенді іліп қоюға болады.
Пайдаланып болғаннан кейін
құрылғыны суытыңыз және фенді
балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ
салқын жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Фен – 1 дн.
Саптама-концентратор – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
VT-1309_105 x148.indd 15 11/19/20 10:29 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать