Bosch PMF 220 CE Set (0603102021) [64/138] Пайдалану

Bosch PMF 220 CE Set (0603102021) [64/138] Пайдалану
64 | Қaзақша
1 609 92A 2SV | (14.3.16) Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты қосу
Шаңсору 17 тек қана тегістеу пластинасымен 10 жұмыс
істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы аспаптармен
істеу пайдасы болмайды.
Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаңсоруды 17 (жабдық) орнату үшін алмалы-салмалы
аспап пен тереңдікті шектеу тірегін 12 алыңыз.
Шаңсоруды 17 тірелгенше аспап патроныдан 6 өткізіп
электр құралының қысқыш мойынға жылжытыңыз.
Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының
астына емес). Қысқыш мойынды 16 шаңсорғыгты бекіту
үшін басып қойыңыз.
Сорғыш шлангінің аспап жалғастырғышын 14 аспи-
рациялық құбырға 15 салыңыз. Сорғыш шлангті 14
шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Суретті беттерде түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері
көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәлімет-
теріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға
жылжытып қосқышты “I” көзге түсетін қылыңыз.
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі тербелу
санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі өнімділікті
қамтамасыз етеді.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 “0”
қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 2 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Егеуқұм қағазы Материал Пайдалану Түйіршіктілік
қызыл
Барлық ағаш түрлері
(мысалы, қатты, жұмсақ,
ЖАТ, құрылыс
панельдері)
Металл материалдар
Сүргіленбеген брус немесе тақтайларды алдын ала
тегістеу үшін
дөрекі 40
60
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір – бүдірді тегістеу
үшін
орташа 80
100
120
Ағашты ақырғы және жұқалап тегістеу үшін майда 180
240
320
400
ақ
–бояу
–лак
–толтырғыш
қалақша
Бояуды тегістеу үшін
дөрекі 40
60
Боялған беттерді тегістеу үшін (мысалы,
жағындыларды, бояу тамшыларын және аққан
іздерді жою)
орташа 80
100
120
Лактың төсеме бояуын тегістеу
майда 180
240
320
OBJ_BUCH-2742-004.book Page 64 Monday, March 14, 2016 10:15 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать