B.Well WA-77 [44/64] Пайдалану нұсқаулығы

B.Well WA-77 [44/64] Пайдалану нұсқаулығы
Kz
Пайдалану нұсқаулығы
WA-77
44
1.Кіріспе.
1.1. WA-77 аспабының ерекшеліктері
B.Well компаниясының қан қысымын жəне тамыр соғуын өлшеуге арналған WA-77 автоматты электрондық аспабын сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Бұл аспап осциллометрикалық əдістің көмегімен қан қысымын, сондай-ақ жүрек бұлшық етінің жиырылу жиілігін оңай əрі дəл өлшеуді қамтамасыз
етеді. Үлкен сұйықкристалды дисплей мен дауыстық сүйемелдеудің арқасында, Сіз енді өлшеу үдерісін
тек көзбен бағып қана қоймай, сонымен
қатар артериялық қан қысымы мен тамыр соғуды өлшеудің нəтижесін құлағыңызбен ести аласыз. Қан қысымымаңызды параметр, ол арқылы
Сіз денсаулығыңызды бақылай аласыз. WA-77 тонометрі Сізге қан қысымының деңгейін үнемі өлшеп отыруға мүмкіндік береді.
WA-77 иін тұсында артериялық қысымды жəне тамыр соғудың жиілігін өлшейтін толық автоматты аспапты
болып табылады.
Өлшеу үдерісін дауыстық сүйемелдеу. Аспап үш тілде (ағылшын, орыс, қазақ) сөйлеу функциясымен жарақталған. Дауыстық хабарлар
əсіресе көзі нашар көретін адамдар үшін пайдалы болмақ.
Қазіргі заманғы «Fuzzy logic» өлшеу технологиясы. Аспапта қазіргі заманғы «Fuzzy logic» технологиясы қолданылады, ол жылдам, дəл
жəне ауырсындырмайтын нəтиже алу үшін манжетке ауа толтырудың жеке дара деңгейін қамтамасыз етеді.
Жүрек ырғағының бұзылуын анықтау. WA-77 қан қысымын өлшегіші өлшеу уақытында жүрек бұлшық етінің қалыпты жиырылу жиілігінің
немесе мерзімділігінің бұзылғаны туралы хабарлайтын дыбыстық сигнал беретін аритмия индикаторымен жарақталған.
3 жолды үлкен дисплейде Еуропалық гипертензия қоғамының (ESH) жіктемесіне сəйкес қан қысымы көрсеткіштерінің шəкілі бар
Бір түймешіктің көмегімен оңай басқарылады
Басқару түймешіктерінің жарықтамасы бар
Соңғы өлшеу нəтижелері жадыда сақталады
Қолға орауға ыңғайлы 22-42 см əмбебап манжеттің алмалы қабы бар, оны жууға болады
Қан қысымының деңгейін көрсету Еуропалық гипертензия қоғамының (ESH) жіктемесіне сəйкес іске асырылады. B.Well компаниясының
тонометрі Сіздің өлшеу нəтижеңіз Еуропалық гипертензия қоғамының (ESH) жіктемесі бойынша қандай қан қысымына сəйкес келетінін
көрсететін қысым деңгейі көрсеткіштерінің шəкілімен жарақталған. Дауыстық сүйемелдеудің арқасында, Сіз енді өлшеу үдерісін тек көзбен
бағып қана қоймай, сонымен қатар өлшеудің нəтижесі қандай деңгейге жататынын
құлағыңызбен ести аласыз.
Батареялардың қуаты таусылғанының көрсеткіші. Батареялардың қуаты таусылғанының көрсеткішінің жəне дауыстық хабардың көмегімен
Сіз аспаптағы батареяларды уақытында ауыстыра аласыз.
Автоматты түрде ажырату. Батареяларды үнемді жұмсау үшін, егер аспап бір минуттан астам пайдаланылмаса, ол автоматты түрде
ажыратылады.
Желілік адаптерді жалғау мүмкіндігі бар. WA-77 аспабында пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін жəне батареяларды үнемді пайдалану үшін
желілік адаптерді жалғау мүмкіндігі көзделген.
Аспаптың дəлдігі клиникалық сынақтар барысында дəлелденген.
IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 44IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 44 06.11.2014 15:17:0306.11.2014 15:17:03
Process CyanProcess CyanProcess MagentaProcess MagentaProcess YellowProcess YellowProcess BlackProcess Black

Содержание

Скачать