B.Well WA-77 [47/64] Пайдалану нұсқаулығы

B.Well WA-77 [47/64] Пайдалану нұсқаулығы
Пайдалану нұсқаулығы
WA-77
Kz
47
Жоғары артериялық қан қысымының пайда болуы үшін толып жатқан себептер бар. Бұл орайда жиі кездесетін бастапқы (эссенциалдық)
гипертонияны жəне қайталама гипертонияны бөліп қарастыруға болады. Соңғысы белгілі бір органдардың дұрыс жұмыс істемеуінің себебінен
пайда болады. Жоғары қан қысымының ықтимал себептері турасында өзіңіздің дəрігеріңізден ақыл-кеңес алыңыз.
Егер дəрігердің бақылауының нəтижесінде қан
қысымының жоғары екені анықталса, сондай-ақ жоғары қан қысымының профилактикасы
(алдын алу) үшін сіз қан қысымының деңгейіне қолайлы əсерін тигізетін бірқатар шараларды қабылдай аласыз. Бұл шаралар сіздің үйреншікті
өмір салтыңызға байланысты.
А) Тамақтануға қатысты қалыптасқан дағдылар
Өзіңіздің жасыңызға сəйкес келетін қалыпты дене салмағын сақтауға тырысыңыз. Артық салмақты азайтыңыз! Ас тұзын
шамадан тыс
қолданбауға тырысыңыз. Майлы тағамдарды шамадан тыс қолданбауға тырысыңыз.
Б) Бұрыннан бар аурулар
Дəрігердің жазып берген ұйғарымдарына сəйкес дəйекті түрде бұрыннан бар аурулардан емделіңіз, мысалы:
қант диабеті,
майлардың алмасуының бұзылуы,
подагра.
В) Темекі тарту, алкоголь жəне кофеин
Темекі тартудан мүлдем бас тартыңыз. Спиртті ішімдіктерді тек шамалы мөлшерде ғана
қолданыңыз
Кофеинді (кофе) қолдану мөлшерін шектеңіз.
Г) Организмнің физикалық ахуалы
Алдын ала дəрігерге қаралыңыз да, жүйелі түрде спортпен айналысыңыз. Спорттың күш жұмсайтын түрлерін емес, төзімділікті шыңдайтын
түрлерін таңдаңыз. Əбден қалжырағанша өзіңізді өзіңіз күштемеңіз. Егер ауруларыңыз болса, жəне (немесе) жасыңыз 40-тан асқан болса,
спортпен айналысар алдында дəрігерге көрініңіз. Ол спорттың қай
түрімен жəне қандай қарқынмен айналысуға болатыны жайында кеңес береді.
IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 47IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 47 06.11.2014 15:17:0306.11.2014 15:17:03
Process CyanProcess CyanProcess MagentaProcess MagentaProcess YellowProcess YellowProcess BlackProcess Black

Содержание

Скачать